25 маусым 2014 11:53

Баға саясаты неге байлап-матағанға көнбей тұр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Үкімет «бағаны өсіргендердің басы кетеді», «орынтақтарыңмен қоштаса беріңдер» деп отандық өндірісшілер мен жергілікті әкімдерге соншалықты шүйліккенмен біздегі тауар бағасы байлағанға көнбей тұр. Бұған қатысты еліміздің Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі 2014-2018 жылдары елдегі инфляция деңгейі 6-8 пайызды құрайтынын мәлім етсе, керсінше, отандық сарапшылардың дені министрліктің бұл болжамымен келіспейді. Сарапшылардың пайымдауынша, 2014 жылдың өзінде ғана инфляция көлемі 6 пайыз емес, 8 пайыздан асып жығылуы әбден мүмкін.

Жалпы, біздің Үкімет инфляциямен күресті бастағалы біраз уақыт болды. Тіпті қазірде Үкімет мүшелері ғана емес, жергілікті әкімдер де бағаны байлап-матауға белсене кіріскен болатын. Бірақ бұл қымбатшылықтан қарапайым халықтың ұтқан тұсынан ұтылған тұсы көбірек болып отыр. Алаш айнасы осы арада біздегі бағаның бұғаулауға, байлап-матауға неге көнбей тұрғанын сараптап көрмек...

Бізді адастырған ағылшын қағидасы...

Сонымен қымбатшылыққа қатысты шараларды жүзеге асыруға бізге не бөгет? Пайымдасақ, мәселенің мәні тереңде жатыр екен. Біз нарықтық қағида ретінде ағылшын ғалымы Фридмен Милтонның теориясын қалап алыппыз. Ал енді осы Милтонның қағидасы: «елде қымбатшылық орнамас үшін ақша массасын қысып, өндірістік салаға емес, қаржы саласына бейіл аудару керек» дегенге саяды. Заманында бұл қағиданы тек Қазақстан емес, біраз мемлекеттер таңдап алды. Бірақ экономикалық жағдайына сәйкес келмегендіктен біраз елдер Милтоның өндірістік саланы қолдамайтын монетарлық теориясынан әлдақашан бас тартқан. Бұл ретте отандық ғалымдар «Қазақстан бұл теорияны әлі де болса ұстанып келеді. Елде өндіріс орындарын дамыту, отандық өнімді қолдау жағы өте кемшін. Импортқа тәуелділіктен құтылуға талпыныс аз. Біздің құзырлы тараптар банк секторлары мен құрылыс саласын айрықша қолдауды әлі жалғастырып келеді. Бұл екі сала бүкіл мемлекеттің жоқ-жітігін түгендей алмайды. Біздің атмосферамызға бейім деген Милтон теориясы әлдеқашан көнерді. Сондықтан бізге ұстанған қағиданы өзгертіп өндіріс орындарын көбейтуді, өнеркәсіп саласын дамытуды ойластырған жөн» дейді.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети