03 ақпан 2016 11:46

Бағаны доллармен көрсетуге салынған тыйым жылжымайтын мүлік пен автокөлік нарығына қалай әсер етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Stoloboi.ru © Stoloboi.ru

Сарапшылар автомобиль мен жылжымайтын мүліктің бағасын доллармен көрсетуге салынған тыйымның Қазақстан нарығына қалай әсер ететінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сарапшылар автомобиль мен жылжымайтын мүліктің бағасын доллармен көрсетуге салынған тыйымның Қазақстан нарығына қалай әсер ететінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Қазақстанда 2016 жылдың 2 ақпанынан бастап Электрондық сауданы жүзеге асыру ережесі күшіне енген болатын. Жаңа ережеге сәйкес, делдал компания тауар бағасының ұлттық валютамен көрсетілуін қамтамасыз етеді. Сондықтан да, тауар сататындар немесе қызмет көрсетушілер бағаны басқа валютамен емес, теңгемен көрсетуі тиіс.

Қазақстан Тәуелсіз автомобиль одағының (ТАО) төрағасы Эдуард Эдоков бұл тыйымның еліміздің автомобиль нарығына тигізетін әсерін айта келе, қазір бағаны теңгемен қоюдың қиын екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай әдіспен айтарлықтай нәтижеге жету қиын.

"Қазақстанда бұған дейін ірі саудалардың барлығы доллармен іске асырылып келді. Себебі, бізде автомобиль шығарылмайды, сондықтан да оны доллармен сатып аламыз. Сәйкесінше, сол валютамен саттық. Сондықтан да, менің ойымша, мұндай әдіс арқылы белгілі бір нәтижеге жету қиын. Әрине, бұл автомобиль нарығындағы сауда-саттықты көбейтуі мүмкін. Мысалы, сатушы бағаны теңгемен қояды, доллардың өсуімен оны қайта өзгертіп үлгермейді, мұны көрген сатып алушы көлікті доллармен есептеп көреді, арзандау түскенін біліп, автомобильді сатып алады. Дегенмен, бағаны доллармен көрсетуге қаншалықты тыйым салынса да, бұдан еліміздің экономикасы өзгеріп кетпейді", - деді сарапшы.

Қазақстан риелторлар ассоциациясының президенті Елена Грива Ресейдегі рубльмен есептесу тәжірибесін мысалға келтірді. "Мұндай әдіс олардың жылжымайтын мүлік нарығына оң өзгеріс әкелді. Олар бағаны доллармен көрсетуге тыйым салғаннан кейін, баға тұрақтана бастады. Бізде де солай болады. Қазақстандықтардың долларға үйреніп қалғаны белгілі, теңгемен есептеп үйрену үшін уақыт керек", - деді ол.

Грива сатушылар мен сатып алушыларға бұл ереженің тиімді екенін айтып отыр. "Қараңыздар, қазақстандықтардың көбі жалақыны теңгемен алады, сондықтан да жылжымайтын мүлік сатып алушылар енді доллар бағамын аңдымайды. Сатушының жылжымайтын мүлік бағасын доллардан теңгеге қалай аударатынын өзі шешетіні белгілі. Дегенмен орташа бағам пайдаланылады деп ойлаймын. Бағам қатты өзгерген жағдайда сатушының бағаны өзгертетіні анық, бірақ бұл жағдай күнде болмайды", - деді сарапшы.

Сонымен қатар, Қазақстан Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов те бұл ережені қолдады. Ол қазір долларға байланудан пайда жоқ деп есептейді.

Сарапшы қазіргі уақытта келісімді доллар құны 160-180 теңге көлемімен жасаған дұрыс екенін айтты. Оның айтуынша, жалға берушілер бағаны теңгемен көрсеткенімен, сату-сатып алу кезінде мұның бірден жүзеге асуы екіталай.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети