18 қазан 2019 09:26

"Бензиннің барлық түріне қатысты". Елімізде жанармай қымбаттауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Жанар-жағармай 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Жанар-жағармай 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ведомство басшысы оны акциз құнының өсуімен байланыстырып отыр. Қазір ол - 8 теңге. Алдағы уақытта тағы 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Өсім 6 пайызды құрамақ. Бұл бензиннің барлық түріне қатысты. Жан-жақты талқылаудан өтіп жатқан жоба 1 желтоқсаннан бастап күшіне енгізілмек. 

"Бүгінде АИ-92 шамамен 150 теңге, кей жерлерде бір литрі 149-152 теңге. Көрші елдермен салыстырсақ, бұл өте аз. Бензин құнының жартысына жуығы акциз болса, бізде тек 8 теңге. Баға ары кетсе 10 теңгеге өсуі мүмкін. Екі есе өспейді", - деді Руслан Дәленов Мәжіліс қабырғасында.

Бұған дейін энергетика министрі Қанат Бозымбаев көрші елдермен салыстырғанда отандық жанар-жағармайдың құны арзан болғандықтан, шекара асып жатқанын айтқан еді. Сондықтан бензин бағасын кезең-кезеңімен шекаралас мемлекеттермен теңесетінін жеткізді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети