11 маусым 2014 12:20

Биенің сүтінен балалар тағамы жасалатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биені сауу ©dic.academic.ru Биені сауу ©dic.academic.ru

Ақмола облысында биенің сүтінен балалар тағамы жасалатын болды, деп хабарлайды  Tengrinews.kz Қазақ тағамтану академиясының арнайы тағамдар әзірлеу биотехнологиясы зертханасының жетекшісі Юрий Сенявскийге сілтеме жасай отырып.


Ақмола облысында биенің сүтінен балалар тағамы жасалатын болды, деп хабарлайды  Tengrinews.kz Қазақ тағамтану академиясының арнайы тағамдар әзірлеу биотехнологиясы зертханасының жетекшісі Юрий Сенявскийге сілтеме жасай отырып.

Ғалымның айтуынша, бұл жобаға қазақ кәсіпкерлері қызығушылық танытып отыр. Биенің сүтінен балалар тағамын жасайтын фермалар мен зауыттар 2014 жылдың соңында іске қосылады. Сенявскийдің айтуынша, биенің сүтінен балалардың иммунитетін көтеретін ірімшік, құнарлы сусындар секілді балалар тағамы әзірленеді. Бұл тағамдар балабақшаларға, ауруханаларға, мектептерге таратылады. 

"Бие сүтінің құрамы ана сүтіне қатты ұқсайды. Сондықтан қазіргі таңда ана сүтін алмастырушы тағам биенің сүтінен жасалмақ", - дейді Сенявский. Зауыт биенің сүтінен жасалған балалар сүтін және құрғақ сүтті де өндіретін болады. Бұл өнімдер жаңа технологиялар бойынша әзірленбек. 

Бұрын хабарланғандай, биенің сүтінен жасалған табиғи йогурт Алматыдағы өкпе аурулары институтының базасында клиникалық сынақтан өткізілген болатын. Науқастар тамақтанатын тағамдардың қатарына йогурт қосылғаннан кейін олардың иммунитеттері көтеріліп, қан талдамаларының нәтижесі жақсарған, ағзалары токсиндерден тазара бастаған. Аталған тағам 50 науқасқа берілді. Осы йогурт және басқа да балалар тағамының түрлері Ақмола облысындағы зауытта өндірілетін болады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети