12 маусым 2018 11:06

Биылғы бес айда валюта нарығындағы ахуал тұрақты болды - Ақышев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инфляция ағымдағы жылғы бес айда 2,4 пайыз болды, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштерден төмен. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Астана қаласында өткен Үкімет отырысындағы "Әлеуметтік-экономикалықдамудың және республикалық бюджеттің орындалуының 2018 жылғы 5 айдағықорытындылары туралы" сөйлеген сөзінде айтып берді.

Ол жылдық инфляция өткен жылдың соңындағы 7,1 пайызбен салыстырғанда мамырда 6,2 пайызға дейін төмендегенін атап өтті. Осылайша, инфляция деңгейі 2018 жылға арналған 5-7 пайыздық нысаналы дәлізгесәйкес келеді.

"Инфляциялық күтулердің төмендеуі байқалады. Мамырда халық арасында жүргізілген пікіртерім нәтижелері бойынша бір жыл алға күтілетін инфляцияны сандық бағалау жыл басындағы 7,1 пайыз мәннен және сәуірдегі 6,3 пайыз мәннен төмендеп, 6 пайыз деңгейінде тұр", - деп түсініктеме берді Ақышев.

Оның айтуынша, инфляциялық процестердің баяулауы және осы үрдістің орта мерзімді перспективада сақталуын бағалау базалық мөлшерлеменітөмендетудің негізгі талаптарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың басынан бастап олтөрт рет 10,25 пайыздан 9 пайызға дейін төмендетілді.

"2018 жылғы бес айда валюта нарығындағы ахуалжалпы алғандатұрақты болды. Ұлттық валютаның бағамын белгілейтін факторлар оңтайлы қалыптасты. Ағымдағы жылы теңге жылдың басынан бері бір АҚШ доллары үшін 333, 8 теңгеге дейін 0,4 пайызға шамалы әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 318,3-334,0 теңге аралығында өзгерді", - деді Ұлттық Банк Төрағасы.

Қорытындылай келе Ақышев Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері мамырдың соңында 31,2 миллиард АҚШ доллары, Ұлттық қордың активтері 59,2 миллиард АҚШ доллары болғанын атап өтті. Жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бастап 1,4 пайызға немесе 1,3 миллиард АҚШ долларына ұлғайып, 90,4 миллиард АҚШ долларын құрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети