Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Бизнес әліппесі: Бір тиын жұмсап, екінші тиынды үнемдей білесіз бе?

09 Шілде 2014, 11:11
0

Біз білетін бизнес әлемінде үнемдеу аса маңызды. Қаржы қауіпсіздігін сауатты меңгерген жанның дені үнемдеуді мықтап меңгереді. Жалпы, қаржы қауіпсіздігі кім-кімді де ойландыратыны хақ. Әйтсе де бүгінде қомақты қаржы тауып жүрсе, «ертең де осындай сәттіліктер туа береді» деп ойлайтын, сөйтіп қалтасындағы ақшасын алды-артына қарамай шашып, артынан опынып қалатындар аз емес.

Қаржы қауіпсіздігі дегеніміз, қазақша айтқанда, бір тиынды жұмсауға шығарсаңыз, екінші тиынды артқа сақтау. Яғни сіздің жеке тұрақты қорыңыз болуы керек. Сонымен сіз қаншалықты тұрақты қор жасауға бейімсіз. Бір тиынды екі тиын ету үшін үнемдеу үшін кәсіп иелері қандай жоспарлар құра білген. Бүгін "Алаш айнасы" Бизнес әліппесі арқылы осы жайтқа тоқталмақ...

Негізінен, қаржыгерлердің сөзімен айтқанда, болашақ күнге сенімділік, кез-дейсоқ тап болған жағдайлардан қысылмай, біреуге жалтақтамай шығудың жолы қаржылық қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ете алу. Бұл қадамды жетік меңгерсеңіз, өзіңізге қатысты дағдарыс атаулыдан сәтті шыға аласыз, сон-дай-ақ күтпеген жағдайлар орын ала қалғанда, көптеген есепсіз жүретін адам-дар секілді абдырап қалмайсыз.

Бүгінгі күні көп кездесіп қалуы мүмкін бір жағдайды мысалға келтірейік. Қазір аяқ астынан қаржы қажеттілігі туа қалса, көпшілік қауым бірінші банктен несие алуға ұмтылады. Хош, несиені алуын аларсыз. Бірақ «қарыз күліп келіп, жылап қайтатынын» ұмытпаңыз.

Бір ескеретін жайт, несие қайтару барысында қаражатты одан асыра төлейсіз, соның нәтижесінде жұмсалған ақша көлемі екі есеге айтарлықтай молаяды.

Ендігі бір қаржыны қолға түсіру көзі – ағайынға, қатар-құрбыларға, туыстар мен таныстарға салмақ салу. Бұл қалай болғанда да бұрынғы сыйластығыңызға сызат түсірмей қоймайды. Өйткені мерзімді күні қарызды қайтара алмасаңыз, қадіріңіз кете бастайды.

Енді не істеу керек?

Әсілі, мұндайда ең тиімдісі – ешкімнен қарыз алмауға ұмтылу. Ол үшін белгілі бір сомада артық ақша қоры болуы қажет. Алайда күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, мұндай қауіпсіздікті екінің бірінде бар деп айта алмаймыз. Бір сәт өзіңізге өзіңіз мынадай сауалдар қойып көріңізші:

• Өзіңіздің айлық шығындарыңыз қандай?

• Қазіргі кезде жеке қорыңызда аздап болса да ақша бар ма?

• Сол сома шығындарыңызды жабуға жете ме?

Осы сұрақтардың жауабы сіздің қаншалықты дәрежеде өмірдегі түрлі құбы-лыстарға дайын екендігіңізді анықтайды.

Бұл арадағы ең бір қиын нәрсе – қорыңызда ешқандай қаражат болмай, ай-лықтан айлыққа әзер жететін күйде болуыңыз. Мұндай кезде ертеңгі күнді бүгін, яғни алдын ала ойластырған жөн.

Ол үшін әуелі өзіңізге қажет ай сайын жарататын қаражат сомасын анықтаңыз. Егер отбасылы болсаңыз, сол отбасындағы барлық мүшені есепке алыңыз. Сіздің жинақтарыңыздың ең төменгі сомасы айлық шығынның қорытынды сомасына тең келуі тиіс. Сіздің тұрақты қорыңызды қандай соманың құрайтындығын білу үшін қазіргі жұмыстан айырылып қалсаңыз, жаңа жұмыс орнын немесе табыс көзін табу үшін қанша уақыт кететінін анықтап алуыңыз керек. Егер бұл бір ай өтпестен жүзеге асса, онда қордағы қаражатыңыздың сомасы айлық шығындарыңызға тең келеді. Ал егер одан ұзаса, болжанған уақыт мөлшерін айлық шығын сомасына көбейтіңіз.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай