26 сәуір 2017 17:57

БЖЗҚ Ұлттық банкке зейнетақы қаражатын басқаруға берілетін қаражаттың 20 миллиард теңгесін төлемеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2016 жылы Ұлттық банкке зейнетақы қаражатын басқаруға төленетін комиссияның бір бөлігін аудармаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева Алматыда өткен баспасөз конференциясында айтты.

"БЖЗҚ-ның Ұлттық банкке төлеген комиссиясы жайлы айтатын болсақ, өткен жылы комиссия 3,6 миллиард теңге болды. Біз Ұлттық банкке бюджетте жоспарланған 20 миллиард теңгені түгел төлемей қалдық. Мұның барлығы зейнетақы активтерін басқарудағы нәтижелерден шығып отыр", - деді Нұрбүбі Наурызбаева.

Сондай-ақ, ол Ұлттық банктің комиссиясы қаржы құралдарының түріне байланысты 0,03 пайыздан 0,06 пайызға дейін жететінін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети