08 сәуір 2019 15:50

БҚО-да бензин арзандады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Наурыздан бастап Оралдағы жанармай бекеттерінде АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасының 4-5 теңгеге түскенін байқауға болады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Наурыздан бастап Оралдағы жанармай бекеттерінде АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасының 4-5 теңгеге түскенін байқауға болады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

БҚО энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасындағы бөлім басшысы Бейімбет Мусиннің айтуынша, 2019 жылы наурыздың ортасынан бастап жанар-жағармай материалдарының бағасы түскен. 

"Орал Жан-Ойл" ЖШС компаниясының ЖМС желілерінде АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 145 теңге болды, қазір ол 140 теңге тұрады. "Меркурий" ЖШС жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 145, қазір 139 теңгеге дейін төмендеді. Басқа да жанармай құю бекеттерінде осындай жағдай. АИ-92 маркалы бензиннің ең жоғарғы бағасы - 148 теңге, ең төменгі бағасы-139 теңге. Бағаның төмендеуі зауыттардағы шығарылатын бензиннің профицитімен байланысты. Облыс ішкі нарығының АИ-92 және АИ-93 маркалы бензині АМӨЗ және "Конденсат" АҚ өндірісі есебінен қамтамасыз етіледі. 7 сәуірдегі жағдай бойынша АИ 92 жиынтық қоры - 6 мың тонна. Сонымен қатар, облыстың аудандарындағы АҚҚ желісі бар "Алау" ЖШС сұйытылған газдың бөлшек бағасын 81 теңгеден 1 литріне 78 теңгеге дейін төмендеді, - деді Бейімбет Мусин.

Айта кетейік, 2018 жылы АИ-92 маркалы бензиннің литрі 160 теңгеден сатылды.

Бөлім басшысының айтуынша, қазіргі уақытта облыстың мұнай базаларында отын көлемі жеткілікті екен. 

"Жалпы нарықтағы жағдай тұрақты. Жанар-жағармай стансаларында тапшылық пен кезек жоқ, - деп қорытындылады Бейімбет Мусин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети