18 қазан 2014 12:24

"Брат", "сват" приватизацияны тағы да "прихватизацияға" айналдырып бара ма, қалай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Тоқырауға тап болған тоқсаныншы жылдары жекешелендіру даурығымен талай дүние шашылып-төгіліп, қирап қалғаны тарихтан аян. Қолында биліктің бишігі барлар жылдар бойғы елдің игілігін бауырына басып-басып қалған сол тұс. Жасыратын несі бар, дүркіреп тұрған өндіріс, кәсіпорын – ұйымдардың дымы шықпай қалғанды. Оларды ғимараттарымен қоса қабат қара бақырға алып, ақыр соңында бөлшектеп-бөлшектеп быт-шытын шығарғаны және мәлім. Қара халық құлақтанбай-ақ өзара бөліске түскен-ді. Сөйтіп, приватизация «прихватизацияға» айналып шыға келген-ді. Бұл - ащы сабақ-тын. Бірақ, маңдайымыздан сор арылмаған елміз ғой, жекешелендірудің бүгінгі толқыны да тоқсанның жекешелендіруден асып-түсіп тұрғаны шамалы сияқты. Бұлай қара аспанды төндіруімізге себеп – Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбековтің мәлімдемесі. Оның айтуынша, мемлекеттік мүлік реестрінің порталында жарияланған деректерге сәйкес 2014 жылы сатуға шығарылған 306 нысанның үздік 43-і жұртқа жария етілместен ендігі сатылып кеткен.

«Қаржы министрлігі коммерциялық құпия деген негізде сауданың жеңімпаздары туралы ақпаратты жария етуден бас тартып отыр, бірақ колданыстағы заңнамада коммерциялық құпия деп коммерциялық қызмет танылатындығы айтылады. Мемлекет коммерциялық қызмет атқаратын субъектілер қатарынан емес қой, жекешелендірудің қорытындысы – бұл мемлекеттік меншік, Қазақстанның барлық тұрғындарының мүддесіне қатысы бар болғандықтан ол құпияға саналмайды» - дейді Нұрлан Жазылбеков (капитал.кз). Тоқсаныншы жылдардан талай тоқпақ жесек те, таңдайымызға татымай тұр. Сол тоқсанның жекешелендіруінің салдарын тап бүгінге дейін тартып отырғанымыз да рас. Өндіріс, кәсіпорын, өнеркәсіптерді айтпағанда, қарапайым ғана әлеуметтік мәні зор нысандар, балабақша, мектептер, қонақүйлер бес тиынға сатылып жүре берді.Кейін бала тәрбиелейтін балабақша, шағын ауылдар мәдениет үйін таппай сансырады. Содан соң кезінде сатылып кеткен сол нысандарды қайтадан бюджеттің ақшасына сытырлатып кері сатылып алынды жеке меншіктен. Осының бәрі кезіндегі «прихватизацияның» «жемісі» еді. Сондықтан да Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұл жолғы жекешелендіруді ашық және жария өткізуді қатаң тапсырған-тын. Бұл жекешелендіруде «брат», «сват», «жиен», «жиеншардың» болмауын талап еткен еді.

Экономикалық деректерге жүгінсек, «жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтіпті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді».

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети