Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Бірқатар өңірде ет өнімдері арзандады

07 Ақпан 2015, 10:12
0
Тengrinews.kz мұрағатынан
Тengrinews.kz мұрағатынан

Еліміздің бірқатар өңірінде ет өнімдерінің бағасы төмендеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазагромаркетинг" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазагромаркетинг" АҚ 2015 жылдың 27 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында ел аймақтары бойынша азық-түліктің бөлшек саудадағы бағаларына мониторинг жүргізді. "Атырау қаласында ет өнімдері бағасының төмендеуі байқалды: сиыр еті 16 пайызға - келісі 1073-тен 900 теңгеге дейін; қой еті 11 пайызға - келісі 1127-тен 1000 теңгеге дейін; жылқы еті 20 пайызға - келісі 1250-ден 1000 теңгеге дейін; тауықтың сан еті 16 пайызға - келісі 540-тан 452 теңгегеге дейін; пісірілген шұжық 27 пайызға - келісі 846-дан 599 теңгеге дейін арзандады. Бұл - Атырау нарығының Ресей Федерациясынан әкелінген өніммен қанығуына және көтерме бағалардың арзандауына байланысты қалыптасқан жағдай", - деп хабарлады "Қазагромаркетинг" өкілдері. 

Сонымен бірге, Өскемендегі базарларда арзан импорт өнімнің пайда болуына байланысты қалада тауықтың сан еті 11 пайызға арзандады. Қостанайда нарықта өнім мөлшерінің ұлғаюы мен бір апта ішінде көтерме бағалардың 6 пайызға - 1 келісі 433-тен 405 теңгеге дейін төмендеуі тауықтың сан етінің 10 пайызға - 470-тен 425 теңгеге дейін арзандауына әкелді. 

Қарастырылып отырған уақыт аралығында Ресей Федерациясынан өнімнің мол әкелінуіне байланысты Атырауда күріштің 1 келісінің бағасы 20 теңгеге (180 теңге), арпа жармасының келісі 11 теңгеге (86 теңге), макарон өнімдері келісінің құны 21 теңгеге (120 теңге) төмендеді. 

Өңірлерде жеміс-жидек пен көкөністің кейбір түрлерінің қымбаттағаны да байқалып отыр. Атырауда қызанақтың келісінің бағасы 339-дан 397 теңгеге, қиярдың келісі 317-ден 365 теңгеге қымбаттады. Қырыққабаттың келісі Атырауда 83-тен 92 теңгеге, Өскеменде 87-ден 99 теңгеге қымбаттады. Бұған саудадағы өнім мөлшерінің азаюы мен сатушылардың көтерме бағаны арттыруы себеп болды. 

Астанада мандариндер бірден 22 пайызға - келісі 365-тен 444 теңгеге қымбаттады. "Бұған сатылымдағы өнім ассортиментінің ұлғаюы (қымбат Марокко мандариндерінің пайда болуы) және бір апта ішінде көтерме бағалардың 33 пайызға - келісінің 300-ден 400 теңгеге дейін қымбаттауы әсер етті", - дейді мамандар. 

Өскеменде баялды бағасы 15 пайызға - келісі 533-тен 615 теңгеге дейін қымбаттады. Өнім бағасының қымбаттауына бағаларды тіркеу күні көтерме базарда өнімнің болмауы әсер етті.  

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай