30 қыркүйек 2014 15:13

Бірыңғай виза мигранттардың бақылаусыз келуіне себеп болады - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©semenaseeds.ru ©semenaseeds.ru

Кеден одағында (КО) енгізілетін бірыңғай виза Қазақстанға ырыққа көнбейтін мигранттар ағынының келуіне ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазақстан мемлекеттік-жеке әріптестік" АҚ талдаушысы Бекмұрат Тәліпов айтты. Бұған дейін Мәскеу мен Минскінің бірыңғай виза енгізу мүмкіндіктерін қарастырып жатқаны хабарланған болатын.


Кеден одағында (КО) енгізілетін бірыңғай виза Қазақстанға ырыққа көнбейтін мигранттар ағынының келуіне ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазақстан мемлекеттік-жеке әріптестік" АҚ талдаушысы Бекмұрат Тәліпов айтты. Бұған дейін Мәскеу мен Минскінің бірыңғай виза енгізу мүмкіндіктерін қарастырып жатқаны хабарланған болатын.

"Қазақстан мемлекеттік-жеке әріптестік" АҚ талдаушысы Бекмұрат Тәліпов қазіргі уақытта бірыңғай виза енгізу мүмкіндігі тек Ресей мен Беларусь арасында ғана қарастырылып жатқанын, яғни оның тек осы елдердің аумағына келетін шетел азаматтарына ғана қатысты екенін айтты. Бірақ бұл режимнің Қазақстанға да келетінін жоққа шығармады. Бірыңғай виза енгізудің экономикалық минустерінің бірі ретінде сарапшы мигранттар ағыны мен жұмыс күші қозғалысының бақылаусыз кетуін атады. "Бұл мәселе ТМД елдері азаматтарына ғана емес, алыс шетел, мысалы, Ресейге оқуға және жұмысқа баратын Оңтүстік-Шығыс Азия өкілдеріне де қатысты. Ол Шенген келісімі елдері үшін де өзекті, бұл елдер үкіметі қазіргі уақытта иммигранттардың орасан зор ағынын бақылай алмай отыр", - деді сарапшы.

"КО елдері арасында бірыңғай визалық кеңістік енгізудің саяси аспектілерін алып тастасақ, онда бірыңғай виза енгізу Қазақстанға да қосымша мүмкіндіктер ашар еді. Атап айтқанда, мұндай кеңістік шетел азаматтарының КО елдеріне виза алуында және аталған мемлекеттер аумағында қозғалуында бюрократиялық кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді, сөйтіп, Беларусь пен Ресейде де, Қазақстанда да инвестициялық белсенділік пен туизмге оң ықпал етеді", - деді Тәліпов.

Тәліпов осы жылдың шілде айында Қазақстан шетел инвесторлары мен туристерді тарту мақсатында сынақ түрінде он елдің азаматтары үшін визасыз біржақты тәртіп енгізгенін еске салды. Ол елдер: АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, БАӘ, Корея Республикасы және Жапония. "Осылайша, бұл жағынан Қазақстан КО бойынша әріптестерінен бір қадам алға озды", - деді ол.

"Альпари" талдау компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрованың айтуынша, КО елдері ішінде, шынымен де, бірыңғай кіру визасын енгізуге болады. Бірақ сарапшы мұндай шешімнің тез қабылданатына күмән келтірді. "Бір жағынан, мұндай қадам шетелдіктердің виза алуын тездетіп, қағазбастылықты жеңілдетеді, екінші жағынан кез келген бірігу әдеттегіден мұқият зерттеуді талап етеді", - деді ол. Бодрова мұндай шешімнің бір кемшілігі Сыртқы істер министрлігі заңнамалары мен нормативтерінің сәйкес келмей, виза алуға кедергі келтіруі болуы мүмкін деп есептейді.

"Golden Hills-КапиталЪ АМ" талдау бөлімінің жетекшісі Наталья Самойлова мәселелер оң шешілсе, КО елдерінде бірыңғай кіру визасын енгізу бірлестіктің тиімділігін арттырып, КО елдері арасындағы тауар айналымының екі жыл ішінде 10-15 пайызға ұлғаюына септігін тигізетінін айтты. Ол бұл жағдайда тыйым салынған және квотасы шектеулі тауарлардың заңсыз жолмен келуіне ықпал ететін көлеңкелі сауда және бизнес схемалардың арту қаупі барын да атап өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети