09 қаңтар 2017 18:00

Данияр Ақышев еуроға салым инвестициялаудың неғұрлым тиімсіз екенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Еуроға салым инвестициялаудың неғұрлым тиімсіз екені айтылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еуроға салым инвестициялаудың неғұрлым тиімсіз екені айтылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақышев "ағымдағы жағдайда шетел валютасына деген халықтың сақталып отырған сұранысы айтарлықтай шығындарға әкелу тәуекеліне ұшырайды. Теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы 2016 жыл бойы құбылмалы болды және оның ауытқуы 328-ден 384-ке дейінгі шекте болды. Бірақ өткен жылы 6 пайызға әлсіреген еуроға салым инвестициялаудың неғұрлым тиімсіз стратегиясы болды, оның теңгеге қатысты ауытқуы жыл бойы 343-тен 418-ке дейінгі шекте болды", - деп атап өтті.

Сондай-ақ, Ұлттық банктің төрағасының мәліметінше, ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты болып отыр. Бағамның екі жаққа күнделікті ауытқуы қалыпты шектер шеңберінде болды. Желтоқсанның соңында теңгенің  биржалық бағамы бір айда 2,4 пайызға (жыл басынан бастап 2 пайызға) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 333,29 теңгені құраған.

Ол халық арасында жүргізілген пікіртерім оның девальвациялық күтулерінің кейбір төмендеуін көрсеткендігін атап өтті. Оған қоса, респонденттердің үштен бір бөлігі мұнай бағасының серпінін тұрақты түрде бақылап отырады. "Осыған  қарамастан, өткен  жылдың желтоқсанында валюта нарығына кәсіби қатысушылардың, сондай-ақ халықтың іс-әрекетін тиімді болды деп айтуға болмайды. Мұнайға деген әлемдік бағаның 13 пайыз өсуінен туындаған теңгенің нығаюы аясындашетел валютасына деген сұраныс жоғары болды", - деді  Ұлттық банк басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети