Данияр Ақышев теңгенің әлсіреу себептері туралы айтып берді

27 Қыркүйек 2018, 17:58
0
Данияр Ақышев теңгенің әлсіреу себептері туралы айтып берді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

ҚР Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев соңғы айларда ұлттық валютаның әлсіреуіне әкеп соққан себептерді тізіп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші кезекте теңгенің әлсіреуіне сыртқы факторлар әсер етті. Ол ФРЖ-нің (Федералдық резервтік жүйе) мөлшерлемені көтеру салдарынан дамушы елдердің валюталарына қатысты доллардың жалпы нығаюы. Дамушы елдердің негізгі валюталарына қатысты нақты статистиканы күнделікті сайтымызда шығарып отырамыз. Біздің тауар айналымымызда айтарлықтай белсенді ұсынылып отырған елдердің ұлттық валютасы жыл басынан бері әлсіреді, мысалы, Түркияның ұлттық валютасы - 62 пайызға, Үндістанның - 14, Қытайдың ұлттық валютасы юань 6 пайызға әлсіреді", - деді Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, Аустралия, Жаңа Зеландия сияқты дамыған елдерде де ұлттық валюта әлсіреген - 8,6 және 3 пайызға.

"Кері әсер етіп, құбылмалылық туғызған екінші фактор - хабарландыру, болашақта антиресейлік санкцияларды қатайту. Осыған байланысты жыл басынан бері ресейлік рубльдің әлсіреуі шамамен 15 пайызға жетті...", - деді Ақышев.

Сонымен қатар, Данияр Ақышев қауіп төнбеу үшін қазақстандықтарға қатты қажет болмаған жағдайда құбылмалылық кезінде активтерді бір валютадан екіншісіне аудармауға кеңес берді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай