Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Дәрі-дәрмектің бағамына да мемлекеттік бақылау қажет

15 Қыркүйек 2014, 09:31
0
Алаш айнасы иллюстрациясы
Алаш айнасы иллюстрациясы

Кешелі бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақ елін дәрі-дәрмегі қымбат елдердің қатарына қосты. Аталмыш халықаралық ұйымның мәліметінше, біздің елдегі дәрі-дәрмек бағамы Армения және Молдаван елі, Украина мен Беларусь елі, Қырғыз және Ресей елінен де аспандап тұр. Мысалы, Армения өзінің халқын дертінен жазып алу үшін сатылымға түсетін дәрі-дәрмегіне 7,1 пайыз ғана үстеме қосса, Украинада бұл көрсеткіш 5,5 пайызды, Ресейде 7,5 пайызды, Қырғыз елінде 6,2 пайызды құрайды. Ал бізде сатылымға түсетін дәрі бағамына қосар үстеме баға 10-20-30 пайызға дейін жетіп үлгерген. Мұны ескерген арнаулы мамандар елдегі дәрі-дәрмек бағамына мемлекеттік бақылау қойылуы керектігін алға тартуда. "Алаш айнасы" бұл ретте мәселені тарқатып көруді жөн көрді.

Жалпы, дәрі-дәрмек бағасының қымбаттығы, қажетті емін алу үшін қайсыбір дәрілерге әлеуметтік жағдайы төмен таптың қолы жете бермейтіндігі, тіптен тегін берілуі тиіс дәрілердің саудаға түсіп кететіндігі айтудай-ақ айтылып жүр. Десек те, біздегі тиісті орындар осы уақытқа дейін дәрі бағамына шектік баға белгілеу жайына аса мән бере қоймаған. Бұл ретте біз пікірлескен мамандардың дені "Қазірде еліміздегі фармацевтикалық компаниялар мен дәріханалар дәрі-дәрмектің бағасын еселеп көтеруде. Бұл әрекет импорт препараттарын өндірушінің бағасынан 3-4 есеге қымбат болуына әкеп соғып отыр. Бір дәрі сатылғанға дейін орташа алғанда 5-10 адамның қолынан өтуі ықтимал. Мәселен, бір ғана «Эффералган Упса» өндіруші зауыт Delta Medical Prootions AG-тің бірінші сатылым бағасы -149,88 теңге, дәріханалар халыққа оны 450-590 теңгеге сатады. Бір бұл емес, қаншама дәрінің бағамы сатылымға түскенде еселеп өсіп шыға келеді. Сондықтан дәрі-дәрмек бағасын реттеуді мемлекет өз қолына алған жөн" деп отыр.

Мейрам Қабдрахманұлы, сарапшы-маман:

– Жеке құрылым болғандықтан, препараттарға біреуі - 10, енді бірі 20, 30 пайыз үстемеақы қосуы мүмкін. Оларға бұл тұрғыда ештеңе айта алмайсыз. Қандайда бір шара қолдану үшін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске түзетулер енгізгеніміз жөн. Сол арқылы дәрі-дәрмекке мемлекеттік реттеу орнату керек. Әсіресе мемлекеттен тегін берілетін дәрілерге бақылауды күшейткен абзал. Мысалы, үкімет тегін берілуі тиіс дәрілермен халықты қамту үшін қаншама қаржы жұмсайды. Әттеген-айы, сол тегін дәрілердің өзі кейде сатылымға шығып кететін жайттар жиі кездеседі. Бұл салада түйіні көп мәселелер жетіп-артылады. Сондықтан болашақта бақылау орнату үшін кодекске арнайы өзгерту енгізіп, мемлекеттік реттеу қажет.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай