Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Девальвация құтқармайтын сияқты

28 Шілде 2014, 17:32
0
©Алаш айнасы иллюстрациясы
©Алаш айнасы иллюстрациясы

Қазақстанның алтын валюта қоры айтарлықтай азайып, еліміздегі іргелі компаниялар акциясының қор биржасындағы бағалары кері кеткен. Бұл - теңгені әлсіретіп, долларды қымбаттатуға тікелей әсер ететін факторлар. «Алаш айнасы» басылымы хабарласқан мамандар да бұл кезекті теңге девальвациясының болатындығын аңғартатын белгілер екендігін айтады.

Доллар қымбаттаса, құны 200 теңгеден асып жығылады

Қыста теңге құнсызданған-ақ бірқатар сарапшы «жазда доллардың ұлттық валютаға шаққандағы құны 200 теңгеге барады» деп алдын ала болжам жасап тастаған болатын. Таяуда қаржыгер-маман Ерлан Ибрагим бұл болжамды тағы да нақтылай түсті. «1 доллар 206 теңге» болады деген ол мұны осы аймақтағы елдердің сауда-саттықта доллардан бас тартып, өз валюталарымен өзара есеп-айырысу операциясына көшуімен байланыстырған. «Қазақстан несие-ақша саясатын және қордағы валюталарға қатысты теңге бағамын мүлде реттемейді. Теңге теңіз бетінде қалқып жүрген жеңіл зат секілді. Ресей ықылық атса, теңгеміз құнсызданады, мұнай бағасы арзандаса да, қымбаттаса да солай. Сондықтан сыртқы факторлар қиындаған сайын біздің теңге бағасы құлай береді, мұны мойындау керек. Ал қазір сыртқы жағдай өте қиын. Сондықтан оның бір емес, бірнеше рет құбылуы ықтималдылығы жоғары» дейді маман.

Айтқандай-ақ осы аптада отандық қор биржасына ресейлік жағдайдың салқыны кеп жеткен. Алғаш рет Ресей Украинаға әскер кіргізгенде ресейлік қор биржасынан 70 миллиардтан астам доллардың капиталы ағылып сыртқа кетсе, бұл көрсеткіш жылдың соңына дейін 150 млрд долларға баратын секілді. Шетелдік инвесторлар Ресейден ғана емес, енді Қазақстан қор биржасынан да кетуді ойластырып жатқан көрінеді. «Асыл Инвест» АҚ Сараптама департаментінің директоры Айбар Байкенов аймақтағы тұрақсыздық қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздарына салмақ түсіріп жатқандығын айтады.

– Ресейден сыртқа ағылған капиталдың көлемі күрт артқан. Бұл Ресеймен саяси және экономикалық жағынан тығыз байланысты Қазақстанға да әсер етуде. Шетелдік инвесторлар біздің экономикамызға да күмәнмен қарай бастаған.Салдарынан отандық құнды қағаздардың жайы қиындап тұр. Негізінен, Halyk bank, Kcell, ҚМГ БӨ және Қазақмыс қатты соққы алуы мүмкін. Әзірге, олар ішкі қолдаудың арқасында жағдайын түзеуге тырысып жатыр. Алайда украин шиеленісі әскери шиеленіске ұласатын болса, онда отандық құнды қағаздарымыз жаппай сатылымға ұшырап, макроэкономикалық көрсеткіштеріміз нашарлайды, – дейді маман.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай