Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Доллар бағамы 365 теңгеге дейін түсті

29 Қаңтар 2016, 11:24
2
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 365,23 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл 28 қаңтардағы күндізгі сессия көрсеткішіне қарағанда 5 теңгеге төмен. Ол кезде доллар бағамы 370,9 теңге болған еді.

29 қаңтардағы таңғы сессия 369,5 теңге келісімімен басталды. Бұл ең жоғарғы баға болды, ал сессиядағы төменгі келісім 365 теңгемен жасалды. Сессиядағы сауда көлемі - 105,5 миллион доллар. Ақша айырбастау орындары шетел валютасын 364-366 теңгемен сатып жатыр.

Айта кетейік, ұлыбританиялық Standard Chartered банкінің сарапшылары мұнай бағасына болжам жасады. Олардың айтуынша, Brent маркалы мұнайдың баррель құны жыл соңына дейін 70-75 долларға жетеді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай