18 қыркүйек 2015 17:23

Доллар тағы 5 теңгеге қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

18 қыркүйекте KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 279,48 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл күндізгі сессияға қарағанда 5 теңгеге жоғары. Ал таңғы сессиядан бері доллар бағамы 10 теңгеге өсті. KASE таңғы сессиясында доллар 270,69 теңге болған еді.

18 қыркүйектегі кешкі сессияда алғашқы сауда 279,5 теңгемен басталды. Ең жоғарғы баға 279,5 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 3,1 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 9 мүшесі қатысты. 17 қыркүйектегі кешкі сессияға қарағанда сауда көлемі жеті есе қысқарды.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте ақша айырбастау орындары долларды 300 теңгемен сата бастағанда Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыруға шешім қабылдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети