09 сәуір 2015 13:45

ЕАЭО елдеріндегі роуминг 2018 жылға қарай алынып тасталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2018 жылға қарай ЕАЭО елдері арасындағы роуминг алынып тасталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі Нұрлан Алдабергеновке сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық комиссиясында жұмыс тобы құрылды. (...) Бұл заңнаманың бірқатар нормасы мен заңға сәйкес актілерге өзгеріс енгізуге байланысты жұмыс болғандықтан уақытты қажет етеді. Бірақ біздің алдын ала есебіміз бойынша, оған 2-3 жыл уақыт кетеді. Біз осы уақыттан асырмай мәселені шешуге тырысамыз", - деді Алдабергенов, Астанадағы форум барысында журналистердің сұрағына жауап беріп.

"Еуропалық тәжірибеге қарайтын болсақ, оларда 2015 жылдан бастап-ақ нөлдеу басталды. Еуропа бұл сұрақтың шешімін тапты. Сондықтан, менің ойымша, біз де монополияға қарсы органдармен бірге бұл тапсырманы сәтті орындай аламыз", - деді ол.

2014 жылы желтоқсанда Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев те ШЫҰ елдері шеңберінде роуминг тарифтерін төмендету мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети