ЕАЭО Кеден кодексі жобасында отандық бизнестің ұсыныстары ескерілмеген

10 Қараша 2014, 12:03
2
ЕАЭО Кеден кодексі жобасында отандық бизнестің ұсыныстары ескерілмеген - Виктор Христенко. ©Expert.ru
Виктор Христенко. ©Expert.ru

Қазақстандық бизнестің ұсыныстары келешектегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексінде ескерілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Ұлттық палата басшысы Абылай Мырзахметов Еуразиялық экономикалық одақ комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенкоға Беларусь-Қазақстан-Ресей бизнес-диалогының үндеуін дайындауды ұсынды.   

ҰКП сайтында хабарланғандай, қазақстандық бизнестің кедендік реттеу талаптарын ырықтандыруға бағытталған ұсыныстарын мемлекеттік орган өкілдері ашық тұрде ескермейді және бұл қатты алаңдаушылық тудырып отыр.    

"Кедендік іс саласындағы басты құжат тығыз жағдайда жасалады, өкінішке орай, мемлекеттік органдар кәсіпкерлермен әрқашан санаса бермейді", - деді хатта ҚР ҰКП басшысы, - Қазақстанның іскерлік аясының пікірінше, ЕЭО Кедендік кодекс жобасының кедендік құқықтық қатынасты реттейтін 16 халықаралық келісімшарт пен 6 жобаның қағидасы жүзеге асқан басым бөлігі, сонымен қатар жобаның бірыңғай түсінуге "ауыр" мәтін құқықтық коллизияға және екі ұшты түсінікке әкеп соғады. Ал тәжірибе көрсеткендей, Кедендік кодекстегі қателіктер мен кемшіліктерді түзеу көп жылға созылады".

ҰКП көтеріп отырған проблемалық мәселелерін мына жерден оқи аласыздар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай