28 қазан 2014 14:14

Егін түсімінің нашарлығына байланысты Қазақстан Ресейден астық импорттайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©centralasiaonline.com ©centralasiaonline.com

Егін нашар өнім бергеннен кейін Қазақстан Ресейден астық импорттайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азық-түлік келісімшарт корпорациясы төрағасының орынбасары Сәбит Қашқымбаевқа сілтеме жасап.


Егін нашар өнім бергеннен кейін Қазақстан Ресейден астық импорттайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азық-түлік келісімшарт корпорациясы төрағасының орынбасары Сәбит Қашқымбаевқа сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қашқымбаевқа "Өз астығының сапасыз болуына байланысты Қазақстанның Ресейден 150 мың тонна дән сатып алғаны туралы деген ақпарат қаншалықты рас?" деген сұрақ қойылды.

"Қазіргі уақытта мұндай статистика жоқ. Кеден статистикасы ұсынылғаннан кейін біз қарайтын боламыз. Бұл ақпаратты растай алмаймыз. Ресейден еліміздің шекаралас аймақтарына астық тасылып жатқан туралы деректер бар. Егер өткен жылдары үнемі Ресейге экспортталса, қазір керісінше тасымалданып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша мен сіздерге баға туралы айттым - егер Ресейде 34 мың теңге болса, бізде бұдан айтарлықтай жоғары. Қосымша құнды ескергенде баға бізде тоннасына 37 мың теңге болады. Сондықтан Ресейдің астығы біздің нарыққа еркін кіре алады", - деді ол.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы басшысының орынбасары 2014 жыл астық өнімі бойынша ерекше болғанын айтты. "Әдетте бізде өнім алынбаса, Ресейде де сондай жағдай болатын. Егер бізде мол өнім алынса, Ресейде де солай. Биыл оларда егін мол өнім берді, ал біздегі жағдайды өздеріңіз көріп отырсыздар", - деді Қашқымбаев.

Журналистер Қашқымбаевтан астық экспортына қатысты болжам туралы сұрады. "Оптимистер де, пессимистер де бар. Оптимистік болжам - 7 миллион, пессимистік - 3,5. Нақты көрсеткіш - осының аралығы. Арақатынасты жалпы өнім жөніндегі цифрларды көргеннен кейін түпкілікті айтатын боламыз", - деді ол.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети