Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Экономист доллардың 400 теңгеге жететінін болжады

17 Желтоқсан 2015, 10:29
7

Таяу уақытта бағам бір доллар үшін 400 теңгеге жетуі мүмкін. Мұндай болжамды қостанайлық "Наша Газета" басылымына берген сұхбатында экономика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ғылым басқармасының басшысы Андрей Коваль айтты. 

"Мен теңгенің құлдырауын мұнай бағасының түсуімен байланыстырып жатқан сарапшылардың қатарынан емеспін. - деп мәлімдеді сарапшы. - Әрине, мұнай бағасы ұлттық валютаға айтарлықтай әсерін тигізеді, бірақ мен, бірінші кезекте, теңгенің құлдырауын өндіріс секторымен байланыстырамын. Шағын және орта бизнес қысым көріп отыр. Оларды дамыту үшін дамудың нақты бағдарламалары қажет, бірақ олар бізде қазіргі уақытта рәсімдеу сатысында. Кредит-қаржы механизмдері де жұмыс істемейді. Ұлттық банк болса, өкінішке қарай, жағдайға постфактум әсер етуді біледі, ал механизмдері жоқ".

Экономистің айтуынша, халық валюта нарығындағы жағдайға үреймен қарап отыр, бұл қатердің бар екенін көрсетеді. "Барлық осы факторлар таяу уақытта теңгенің экономикалық даму деңгейімізге сәйкес орынға дейін баратынына әкеп соқтырады. Сорып-қазып сатудан емес, нақты өндіретін тауарымызға байланысты табыс аламыз. 2016 жылдың наурызында доллардың құны 350 теңгеге дейін жетеді деп айтқанмын, бірақ болжамым ерте орындалып қойды. Келесі психологиялық цифр - доллар үшін 400 немесе 500 теңге болады, ал еуроның құны маңызды болмай қалады. Адамдар да, бизнес те осы жағдайларда өмір сүріп үйренуі керек. Ұлттық валютаның нығаюына сеп болатындай факторлар жоқ, мұнайдың да қымбаттауына себеп жоқ. Меніңше, Brent маркасының құны барреліне 15-10 долларға дейін түсіп кетеді, ал кейін көмірсутектер энергетикада басым ролінен айырылуы да мүмкін", - деді экономист. 

Еске салайық, өткен аптада америкалық валютаның бағамы мұнай бағасының төмендеуінің фонында елімізде айтарлықтай өсті. 14 желтоқсанда айырбас пункттері долларды 340 теңгеге сатып жатты. Келесі күні ұлттық валюта қайта нығайып, доллар үшін 335-337 көрсеткішінде тұрды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (7)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай