05 тамыз 2014 15:37

Еліміз иран-түрікмен шекарасында астық терминалдарын сала бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©hrabro.com ©hrabro.com

Қазақстан иран-түрікмен шекарасында астық терминалдары құрылысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан иран-түрікмен шекарасында астық терминалдары құрылысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2014 жылдың 31 мамырындағы ақпараты бойынша, қазақстандық "Астық Терминал" компаниясы иран-түрікмен шекарасындағы Инче-Бурун станциясына жақын маңда көпфункциялы терминал құрылысына дайындық жөніндегі жұмыстарды бастады. Тиісті компанияларды тіркеу жұмыстары жүріп жатыр, Иран тарапынан әріптестерді анықтау мәселесі келісіліп жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі Иран тарапымен бірге "Инче-Бурун" теміржол станциясы маңынан жер телімін бөлу мәселесін қарастыруда", - делінген Tengrinews.kz-ке қайтарылған жауапта.

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық компанияларды осы бағыттағы экспортқа ынталандыратын хаб құру мүмкіндігі де қаралып жатыр. Ал астық терминалын салу мәселесі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жауапты хатшысының биылғы 25-30 сәуірдегі Иранға жұмыс сапары барысында талқыланған.

Министрліктің мәліметінше, бүгінде Ақтау, Баку (Әзірбайжан), Амирабад (Иран) порттарында салынған астық терминалдары жұмыс істеп тұр. Орталық Азия, Ауғанстан және Иран елдеріне Қазақстан астығы экспортын ұлғайту үшін Маңғыстау облысындағы Бейнеу станциясында диірмені бар элеватор кешені іске қосылған.

Сонымен бірге, Қазақстанды Иранмен байланыстыратын Жаңаөзен - Қызылқия - Горган жаңа теміржол желісінің құрылысы аяқталды. Бұл жолмен Иранға 680 мың тонна жүк жіберілген, енді теміржолдың түрікменстандық бөлігіндегі құрылысты аяқтау қажет болып тұр. Теміржол желісі мен астық терминалдары толық салынып біткен кезде ол Қазақстаннан Иранға, одан әрі Парсы шығанағы мен Жерорта теңізі акваториясындағы елдерге жылына 3 млн тоннаға дейін жөнелтуге мүмкіндік бермек

Еске сала кетейік, бұрын Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сілтеме жасаған Tengrinews.kz 2013-2014 жылдары еліміздің 8,7 млн тонна астықты экспорттағанын хабарлаған еді. Бұл алдыңғы маусыммен салыстырғанда, 22%-ға көп. Астық экспортынан 1,2 млрд доллар табыс түскен.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети