02 тамыз 2018 12:30

Елімізде монша мен гигиена заттары қымбаттаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Елімізде гигиена заттары қымбаттаған. Қазақстандықтар моншаға бару үшін өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп ақша төлейтін болған. Сондай-ақ, сабын мен тіс пастасының бағасы 9 пайызға, ал сусабын бағасы 6 пайызға дейін қымбаттаған, - деп хабарлайды Energyprom.kz.

Маусым айының қорытындысы бойынша, моншаның бағасы 6,8 пайызға өскен. Ал гигиена үшін ең көп ақша жұмсайтын Астана (моншаға бару - 1900 теңге) мен Алматы тұрғындары (моншаға бару - 1335 теңге) екен.

Сондай-ақ, сарапшылардың мәліметінше, дәретхана бұйымдарының бағасы қымбаттаған. Бір жылда иіссабынның бағасы 8,7 пайызға өскен, яғни, 100 грамм сабын 208 теңгеге дейін қымбаттаған. Ал сусабынның бағасы 5,7 пайызға қымбаттаған.  Бір жылда 150 миллилитрі 388 теңгеде дейін өскен.

"Тіс пастасының бағасы 466 теңгеге дейін, ал иіссу бір жылда 5,1 пайызға қымбаттаған. Яғни, 100 миллилитрлік флакон 22,4 мың теңгеге өскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети