Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Елімізде теңгемен ашылған депозиттер саны арта түсті

27 Шілде 2016, 10:57
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Елімізде теңгемен ашылған депозиттер саны арта түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Банк өкілдерінің мәліметінше, 2016 жылғы маусымның соңындағы жағдай бойынша ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 7 122,6 миллиард теңге (бір айда 6,6 пайызға, жыл басынан бері - 43,8 пайызға өсті), шетел валютасындағы - 9 694 миллиард теңге болды (бір айда 1,3 пайызға, жыл басынан бері - 12,0 пайызға төмендеді). Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 40,5 пайыздан 42,4 пайызға дейін ұлғайды (жыл басында - 31,0 пайыз). Бұл туралы бүгін реттеушінің Интернет-порталында жарияланған ҚР ҰБ-ның "Қаржы нарығындағы ахуал туралы" баспасөз релизінде айтылған.

ҚР ҰБ деректері бойынша, заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2016 жылғы маусымда 4,4 пайызға ұлғайды (жыл басынан бері 37,4 пайызға өсті) және 4 838,3 миллиард теңге болды (заңды тұлғалар депозиттерінің 49,5 пайызы), шетел валютасындағы - 0,3 пайызға төмендеді (жыл басынан бері 12,6 пайызға төмендеді) және 4 943,4 миллиард теңге болды.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 2016 жылғы маусымда 11,5 пайызға өсті (жыл басынан бері 59,7 пайызға өсті) және 2 284,3 миллиард теңге болды (жеке тұлғалар депозиттерінің 32,5 пайызы), шетел валютасындағы депозиттер 2,3 пайызға төмендеді (жыл басынан 11,4 пайызға төмендеу) және 4 750,6 миллиард теңге болды.

"Мерзімді депозиттер маусымда 12 213,8  миллиард теңгені құрап, 1,4 пайызға өсті (жыл басынан бері 3,8 пайызға өсті). Мерзімді депозиттер құрылымында ұлттық валютамен салымдар 4 484,5 миллиард теңге (бір айда 6,5 пайыз, жыл басынан бері - 42,1 пайызға өсті), шетел валютасымен - 7 729,4 миллиард теңге (бір айда 1,3 пайызға, жыл басынан бері - 10,2 пайызға төмендеді) болды. 2016 жылғы маусымда банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,8 пайыз (2015 жылғы желтоқсанда - 20,1 пайыз) деңгейінде, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 11,6 пайыз (8,5 пайыз) болып қалыптасты", - делінген хабарламада.

Депозит ұйымдарындағы резиденттер депозиттерінің көлемі бір айда 1,9 пайызға ұлғайып (жыл басынан бері өсім 5,3 пайыз), 2016 жылғы маусымның соңында 16 816,6 миллиард теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 781,7 миллиард теңгеге дейін 2,0 пайызға көтерілді (жыл басынан бері өсім 6,6 пайыз), жеке тұлғалардың депозиттері 7 035,0 миллиард теңгеге дейін 1,8 пайызға ұлғайды (жыл басынан бері ұлғаю 3,6 пайыз), деп атап өтілген ҚР ҰБ-ның баспасөз релизінде.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай