Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 322.01
EUR / KZT - 362.42
CNY / KZT - 47.26
RUB / KZT - 5.46

Есімов теңгенің құнсыздануына байланысты бағаның өсуін тежеуді тапсырды

11 Ақпан 2014, 14:49
0
Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов теңгенің құнсыздануына байланысты бағаның өсуін ұстап тұруды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шаһар басшысы барлық қалалық қызметтерге ең алдымен азық-түлік тағамдары мен бірінші кезекте тұтынатын тауарлардың бағасына бақылауды күшейтуге шақырды. Сонымен бірге Есімов бұл үшін барлық заңды механизмді іске қосуды және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әрекет жасауды тапсырды. Бұған қатысты ақпараттарды әкім күніне екі рет алып отырады. Тапсырманы бақылау қала әкімінің орынбасарлары - Мұрат Құдышев пен Ербол Шормановқа жүктелді.

Еске сала кетейік, бүгін, 11-ақпанда Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын алғашқы деңгейде сүйемелдеуден бас тарту туралы өзінің шешімін жариялады. Ұлттық банк доллар курсының жаңа бағамы 185 теңге төңірегінде болады деп есептейді. Айта кетейік, еліміздегі көптеген банктер доллардың курсын орташа 200 теңгеге дейін
көтеріп тастады.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай