06 маусым 2014 21:47

ExxonMobil Қашаған жобасының операторы болуы мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қашаған мұнай-газ кен орны. ©REUTERS Қашаған мұнай-газ кен орны. ©REUTERS

Америкалық ExxonMobil мұнай компаниясы Қашаған кен орнын өңдеу операторы болуы мүмкін, - деп хабарлайды FOX Business Nefte Compass іскерлік журналына сілтеме жасап. 


Америкалық ExxonMobil мұнай компаниясы Қашаған кен орнын өңдеу операторы болуы мүмкін, - деп хабарлайды FOX Business Nefte Compass іскерлік журналына сілтеме жасап. 

Дерек көзіне сүйенсек, бұл мәселені талқылау жалғасуда, алайда ExxonMobil 2014 жылдың маусым айының аяғында Қашаған жобасының операторы болып белгіленеді деген ақпарат бар. Дегенмен Exxon компаниясының өкілдері бұл туралы қандай да бір түсініктеме беруден тартынып отыр. 

Бұдан бұрын Қашаған жобасының жаңа операторы жақын уақытта құрылатыны хабарланған болатын. Agip (Аджип), NCOC (НКОК) және НКПОК секілді ірі ұйымдар бірігіп, жаңадан бірлескен компания құрмақ. Мұнай-газ секторының сарапшысы Сергей Смирновтың айтуынша, жобаға қосымша қаражат тарту мақсатында бірлескен компания құрылмақ. Онымен қоса, Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Қазақстанда Қашағанның жаңа операторы 2014 жылдың қыркүйегінде пайда болатынын хабарлаған еді. Оның айтуына қарағанда, Қашағанның жаңа операторын қалыптастыру іс жүзінде жүргізілуде, тіпті оның бас директоры да тағайындалып қойған көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети