Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.58
EUR / KZT - 381.51
CNY / KZT - 48.32
RUB / KZT - 5.49

Халықтың қомақты қаржысы құнсызданып кетті

12 Ақпан 2014, 10:57
0
Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Ұлттық банктің теңгенің айырбас курсын құру процесіне араласудан бас тартуы қазақстандықтардың банктерге салған салымының құнсыздануына әкеліп соқтырды деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы елдегі біраз БАҚ өкілдері де арнайы шолу жасаған.

Мәселен, "Миллионер" журналы сараптап отырғандай 2013 жылы елдегі банктерде жинақталған теңгелік депозиттердің көрсеткіші 6317 млрд теңгені құраған. Ал 11-ші ақпандағы теңге девалвациясынан кейінгі деректер бойынша бұл сома 1,263 трлн теңгеге төмендеген.

"Ұлттық банктің халыққа жинақты ұлттық валютамызда сақтаған жөн дегеніне қарамастан, теңгелік депозиттердің деңгейінің сақталу кепілдігіне қандайда бір шаралар қарастырылмаған. Осыны ескерсек, теңгелік депозиттер шығынға ұшырап отыр. Девалвация 20 пайызды құрап отырғанымен теңгелік депозиттердің сыйақысы бар болғаны 9,4 пайыз. Болашақта да теңгелік депозиттерге тағайындалатын сыйақы көлемінің өсуі екіталай" деп жазады Миллионер журналы.

Сол тәрізді "Мегаполис" басылымы да теңгелік депозиттердің шығынға ұшырағанын, бұл девалвация жинақ салымына қаржы жиған қазақстандықтардың 333 трлн теңгесін жұтып алғанын, осылайша ел тұрғындары қомақты қаржыларын құнсыздандырғанын тізбелеп отыр.

Еске салайық, Ұлттық банк 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан бас тартты. 1 АҚШ доларының жаңа бағамы 185 теңге төңірегінде болады. Осыған байланысты Ұлттық банк айырбас пункттеріндегі шетел валютасын теңгеге сату-сатып алу бойынша мынандай құбылмалы дәліз енгізеді: 1 АҚШ доллары үшін 185 ±3 теңге.

Ұлттық банктің бұл шешімі еліміздің тұрғындарын алаңдатып тастады. Теңге құнсызданған кешегі күні елдегі ірі сауда орындары, валюта айырбастау пункттері жұмысын тоқтатып, тіпті қайсыбір айырбастау пункттері доллардың сатылу бағамын 200 теңгеден асырып белгілеп те қойды.

Үкімет басшысы Серік Ахметов шұғыл жиын өткізіп, Үкімет мүшелеріне арнайы шаралар қабылдауға тапсырмалар берді.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай