13 наурыз 2016 15:08

Иран мұнай шығару көлемін азайтуға қатысты шарт қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Иранның мұнай министрі елдің мұнай өндірісін тоқтата тұру жөнінде серіктестеріне қандай шарт бойынша қосыла бастайтынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иранның мұнай министрі елдің мұнай өндірісін тоқтата тұру жөнінде серіктестеріне қандай шарт бойынша қосыла бастайтынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бижан Занганенің айтуынша, Иран мұнай шығарудың белгілі бір деңгейіне жеткенде ғана серіктестікке дайын болады. "Мұнай шығарудың деңгейі күніне төрт миллион баррельге жеткен күнге дейін бұл бағытта бізбен жұмыс істеудің қажеті жоқ, біз осыдан кейін ғана серіктесе аламыз", - деді ол. Сонымен қатар, ақпан айының соңында Зангане елдің 2016-2021 жылдарға арналған алтыншы бес жылдық бағдарламасы шеңберінде Ирандағы мұнай шығарудың бір күндік деңгейі 4,6 миллион баррельге жететінін мәлімдеді.

Дохада 16 ақпан күні өткен кездесуде Ресей, Сауд Арабиясы, Катар мен Венесуэланың мұнайдың әлемдік бағасын қолдау мақсатында өндіріс көлемін орташа есеппен 2016 жылдың қаңтарындағы деңгейде сақтап қалу туралы келісімге келгені белгілі, алайда ол үшін өзге өндірушілер де бұл бастамаға қосылулары керек. Бастаманы қолдаған елдердің қатарында Эквадор, Алжир, Нигерия, Оман, Кувейт, БАӘ бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети