03 қазан 2016 11:30

Жыл басынан бері Қазақстанда азық-түлік 4,9 пайызға қымбаттаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vistanews.ru © vistanews.ru

9 айда Қазақстанда инфляция 5,6 пайызды құрады. ҚР ҰЭМ мәліметінше, азық-түлік 4,9 пайызға, ақылы қызметтерге баға 5,3 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
 
Ағымдағы жылдың басынан бері бағаның өсуі жармаларға 32,5 пайыз, шайға - 25,8 пайыз, қантқа - 22,4 пайыз, нанға - 16,1 пайыз, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге - 13 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 11,9 пайыз, күнбағыс майына - 11,8 пайыз, салқындатылған сусындарға - 10,8 пайыз, макарон өнімдеріне - 10,2 пайыз, жеміс және көкөніс шырындарына - 9,3 пайыз, құс етіне - 8,7 пайыз, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға - 8,3 пайыз, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге - 7,9 пайызға белгіленді.

Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге 27,8 пайыз, жұмыртқаға - 8 пайыз, шикі сүтке - 7,9 пайызға тіркелді.

Дизель отыны 27,3 пайыз, баллондағы сұйытылған газ - 17,5 пайызға қымбаттады.

Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 8 пайыз, білім беру - 6,1 пайыз, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 5 пайыз, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 4,8 пайыз, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 2,9 пайызға өсті.

Жолаушылардың алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен жол жүру ақысы 12,5 пайыз, әуе көлігіне - 11,8 пайыз, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен - 8,4 пайызға жоғарылады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 25,2 пайыз, суық суға - 12,4 пайыз, қоқыс шығаруға - 11 пайыз, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 7,4 пайыз, орталықтан жылытуға - 7,3 пайыз, электр энергиясына - 6,3 пайыз, ыстық суға -5,1 пайызға өсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети