01 қазан 2014 10:05

Жылжымайтын мүлікті сақтандыруға дайынбыз ба?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков (фото) ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

ҚР Статистика комитетінің есебі бойынша еліміздегі жеңіл автокөліктер саны қазір 3 млн 700 мыңға жуық. «Айта бергенмен не пайда?» дей көрмеңіздер, үкіметтің жеке меншіктегі бұл мүлікті сақтандыруды міндеттеп қойғандарына наразы емес жүргізуші жоқ шығар, сірә...


ҚР Статистика комитетінің есебі бойынша еліміздегі жеңіл автокөліктер саны қазір 3 млн 700 мыңға жуық. «Айта бергенмен не пайда?» дей көрмеңіздер, үкіметтің жеке меншіктегі бұл мүлікті сақтандыруды міндеттеп қойғандарына наразы емес жүргізуші жоқ шығар, сірә...

Қорға түскен қаржыдан сақтандыру компаниялары қомақты пайда тауып жатқанымен, көлік иелері үшін бұл мүлде тиімсіз заңнама. Алты ай сайын орта есеппен әр көліктен он мың теңге түседі десек, сақтандыру компанияларының қалай байып жатқаны түсінікті (жалпы сақтандыру ұйымдарының тапқан пайдасы өткен жылдың 1 қыркүйектегі көрсеткіші бойынша 30,6 миллиард теңге). Иә, әр сақтандыру ұйымдарының артында бір-бір дөкей тұрғаны белгілі. Әрине «бұл әлемдік тәжірибеде бар үрдіс» дейміз. Дей тұрғанымен, ол жақта сақтандыру мәдениеті өте жоғары деңгейде дамыған. Дүние-мүліктерін сақтандыруға халықтың өзі мүдделі. Тарихқа сенсек, шетелде сақтандыру құл иелену заманынан, яғни XII ғасырдан бастау алады. Біздегі жағдай сарапшы мамандардың пікірлеріне сенсек, әлі пісіп-жетілмеген.

Т.Назханов, заңгер:

– Бізді шетелмен салыстыруға мүлде келмейді. Айырмашылық жер мен көктей. Неге дамыған елдерде халық үйін, көлігін тұрмақ тіпті ит-мысығына дейін сақтандырады? Өйткені олардың ұйымдары әлеуетті, капиталы қомақты. Қорларында миллиардтаған қаржы жатыр. Бұл – бірінші. Екіншіден – шетелдегі сақтандыру компанияларының құқықтық базасы өте күшті дамыған. Үшіншіден – алуан түрлі. Мысалы айтайын, адвокат жалдаған клиент бірінші кезекте сақтандыру ұйымдарымен келісім-шартқа отырып алады. Егер қорғаушының тактикасы дұрыс болмай шықса, ақшасын қайтып өндіріп алуға құқылы. Төртіншіден – дүние-мүлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартының барлық тетіктері екі жаққа да ұтымды.

Нарық заманы басталған жылдары біздің елдегі сақтандыру нормаларының механизмдері мүлде дұрыс болмады, соның салдарынан бұл секторда негізінен тәжірибесі жоқ ұйымдар жұмыс істеді. «1994 жылдан 1998 жылға дейін олардың саны 900-ге дейін көбейіп кетті» дейді статистика. Бірақ, олардың басым бөлігі «аты бар, заты жоқ» ұйымдар еді. Нақты жұмыс істегендері бірен-саран. Сөйтіп, бірте-бірте нарық өзі ысырап тастаған бұл секторда қазір 35 ұйым ғана қалды.

Келесі кезекте – жылжымайтын мүлік. Негізі үкіметтің тұрғын үйлерді қамсыздандыру қамына кіріскендеріне біраз болды. Төрт жыл бойы толғатқан жаңа заң енді бірер айдан кейін дүниеге келмек. Бұл сақтандырудың көлік сақтандырудан айырмашылығы шамалы. Сақтандыру құны қанша болады, ол жағы әлі белгісіз. Бір білетініміз – жеке тұлғалар иелігіндегі баспаналарды сақтандыру 35 шаршы метрден басталады. Бұл міндетті. Егер үйіңіз үлкен болса, оның қалған жерлерін сақтандырасыз ба, жоқ па, ол өз еркіңіз. Естеріңізге сала кетейік, жылжымайтын мүлікті сақтандырумен жекеменшік емес, мемлекеттік қорлар айналысатын болады. Бір қарағанда жаман емес. Бірақ...

Экономист-сарапшы Ілияс Исаев:

– Жылжымайтын дүние-мүлікті сақтандыру керек дегенге әрине қосыламын. Бірақ біз соған дайынбыз ба?Әлбетте, сақтандыру жарнасы қалтаға сезілмейтіндей аз болмайды. Қарапайым халық үшін қиындық туғызуы мүмкін. Көпшілік жүргізушілер үшін қазір сақтандыру полисінің өзі қымбатқа түсіп жатады. Қазір елде жұмыссыздық. Қанша адам жұмыссыз қалып отыр. Анау бір күні құзырлы орындар «елдегі жұмыссыздық 5 пайыздан асады» деп есеп беріп жатыр, бұл – жалған дерек. Оны жұрт жақсы біледі. Осы жуырда ғана қаншама жұмыс орындары қысқарды. Міне, осындай жағдайда жылжымайтын мүлікті сақтандыру үдерісін бастап кету қалай болар екен?Осы жағын ойлаған абзал. Менің ойымша...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети