03 желтоқсан 2014 17:47

Қарабалин жанармайдың қымбаттауы мүмкін екені жайлы пікірге түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото forexmagnates.com сайтынан Фото forexmagnates.com сайтынан

Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин қымбаттауы мүмкін бензин бағасына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин қымбаттауы мүмкін бензин бағасына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Ұзақбай Қарабалинға сенатор Ләззат Қиыновтың жақында мұнай мен газ шығаратын жаңа кен орындарын іздеу туралы және Қазақстанда бензин бағасы 370 теңгеге дейін қымбаттау ықтималдығы жөнінде айтқан мәлімдемесіне қатысты сұрақ қойылды.

"Қазіргі таңда кен орындарын іздеу шаралары жүргізіліп жатыр, басқа кен орындарын да дамыту қолға алынды. Біздің ойымызша, бұл кен орындарының үлесі зауыттарды (шикізат-Автор еск.) қамтамасыз етуде қомақты болады. Егер біз мұнайды қосымша ірі кен орындарынан сатып алғымыз келсе, бөлек әңгіме. Мысалы, жеңіл мұнай 25-30 пайызға дейін Теңіз сынды кен орнынан шығатын болса, ол жеңіл фракциялы бензиннің көлемін айтарлықтай ұлғайтады. Мұндай жағдайда баға біраз өсуі мүмкін. Бірақ 300 теңгеден ары қымбаттайды, деп ойламаймын", - деді Ұзақбай Қарабалин.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети