16 мамыр 2017 12:10

Қарағандылық такси жүргізушісі екі қызды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жіберген сурет Куәгер жіберген сурет

Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысында Rubicon мейрамханасының маңында жаяу жүргіншілерге арналған жолда такси жүргізушісі екі қызды қағып кетті. Зардап шеккен қыздардың бірі облыстық медициналық орталықта бүгін түнде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысында Rubicon мейрамханасының маңында жаяу жүргіншілерге арналған жолда такси жүргізушісі екі қызды қағып кетті. Зардап шеккен қыздардың бірі облыстық медициналық орталықта бүгін түнде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1997 жылғы қыз облыстық медициналық орталыққа ауыр халде түсті. Оның бассүйегі ашық түрде жарақат алған, бассүйек миы қатты зақымдалған. Түнде ол комаға түсіп, есін жимастан қайтыс болды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Айжан Иса. 

Зардап шеккен екінші қызға қазіргі уақытта еш қауіп жоқ. 19 жастағы қыз Мақажанов атындағы клиникада жатыр, оның аяғы сынған. 

Облыстық ІІД мәліметінше, оқиға 15 мамырда кешкі сағат ондар шамасында болған. 

"Жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. BMW маркалы көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, екі жолаушыны қағып кеткен. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Бақытжан Құдияров. 

Оқиға орнында куәгерлер түсірген суреттер бойынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан автокөлік аударылып қалған. Құқық қорғау органдарының мамандары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Такси паркінің басшылығы оқиға болған уақытта өз қызметкерлерінің жұмыс уақытын аяқтап, үйіне қайтып бара жатқанын мәлімдеді.

"Біз әлі онымен көрісіп, сөйлескен жоқпыз, себебі оқиға түнгі уақытта болған. Бұл жас жігіт бізде істеп жатқанына көп болған жоқ. Қыздардың өздері жолға атып шыққан болуы мүмкін, мен білмеймін. Барлығын жіті анықтау қажет", - деді такси қызметіндегілер.  

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети