11 ақпан 2014 17:37

Қаржы нарығы теңгені тығырыққа тіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақыт Сұлтанов Фото ©Мансұр Хамит Бақыт Сұлтанов Фото ©Мансұр Хамит

"Бүгін Үлттық банктің ақпараты бойынша теңгенің құнсыздануы 20 пайызды құрады. Мұндай орта мерзімде доллардың курсы жаңа баға бойынша 185 теңге деп белгіленді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі вице-премьер - қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа сілтеме жасап. Министрдің сөзінше, доллар бағасының артуы әлемдегі қаржы нарығыныда орын алып жатқан жағдайларға байланысты және көрші мемлекеттердің валютасының құнсыздануының әсері бар көрінеді. "Бүгінде біздің тауарларымыз бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп жатыр. Үкімет ел дамуының макро және микро экономикалық көрсеткіштерінің құнсыздануын бағалау жұмыстарын жасап, жалпы ішкі өнімнің өсуі, бюджетке әсері, әлеуметтік көрсеткіштерге әсерін есептеп отыр" дейді Б.Сұлтанов. Қазір Үкіметтің есептеуі бойынша теңгенің 20 пайызға төмендеуі жалпы ішкі өнімнің өскенін көрсетеді екен. Бұдан кейін экспортқа жіберетін тауарлардың түсімі көбейетін болмақшы. Яғни, бюджеттік түсім көтерілетін болады. "Біз осы шараның инфляция әсерін зерттеп отырмыз. 2009 жылы валютаның 25 пайыздық құнсыздануы болған кезде инфляцияға көп әсер еткен жоқ. Бүгінгі зерттеу бойынша инфляция бюджетте белгіленген 6-8 пайыздан асырмауға Үкімет тиісті жұмыстар жүргізеді" дейді Бақыт Тұрлыханұлы. Әлеуметтік төлемдер бойынша биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап зейнетақы 9 пайызға артқан. Ал 6-8 пайыздық инфляцияның көрсеткішіне +2 пайыз көтерілу жоспарланған. Сонымен қатар, басқа әлеуметтік төлемақылар 7 пайызға көтеріліпті. "Осы орайда теңгенің құнсыздануына байланысты инфляцияны болдырмауға тиісті жұмыстарды жүргізген соң, бюджеттегі төлемдер бір-біріне сәйкес болып отыр деуге болады" дейді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети