25 тамыз 2015 18:19

KASE кешкі сессиясы бойынша доллар тағы 3 теңгеге қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2015 жылдың 25 тамызында KASE кешкі сессиясы бойынша доллар 239,35 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2015 жылдың 25 тамызында KASE кешкі сессиясы бойынша доллар 239,35 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алғашқы келісім 233 теңгеден басталды. Келісімдегі ең аз баға - 237,5 теңге, ал ең жоғарысы 241 теңге болды. Саудаға валюта нарығынан 23 қатысушысы қатысты. Айырбас пункттері болса долларды 239 теңгеден сатып алып, 241 теңгеден сатып жатыр.

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети