27 тамыз 2015 11:49

KASE таңғы сессиясы бойынша доллар бағамы 241,76 теңгеге тең

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

27 тамызда KASE таңғы сессиясы бойынша доллар бағамы 241,76 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша, доллар кешегі таңғы сессияға қарағанда 2,23 теңгеге арзандады. 


27 тамызда KASE таңғы сессиясы бойынша доллар бағамы 241,76 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша, доллар кешегі таңғы сессияға қарағанда 2,23 теңгеге арзандады. 

Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты. Сауда көлемі 80,45 мың теңге болды. Сонымен қатар, юань бағамы да өзгерді. Ол 37,64 теңге болды, кешеден бері Қытай валютасы 0,15 теңгеге арзандады. Еске сала кетейік, 26 тамызда KASE кешкі сессиясы бойынша доллар 243,74 теңге болған еді.

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети