01 қазан 2014 13:38

Каспийдің солтүстігінде мұнайдың ірі қоры болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Каспийдің солтүстік бөлігінде мұнайдың ірі қоры болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.


Каспийдің солтүстік бөлігінде мұнайдың ірі қоры болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің "Еуразия" жобасы шеңберінде Каспий жағалауы аймағында мұнай қорын зерттеу жоспарланып отыр, оның алдында үлкен жұмыс жүргізілген. "15 қалдық бассейніне компьютерлік модельдеу жүргізілді. Компьютерлік модельдеудің нәтижесіне және біздің жорамалымызға қарағанда, Каспийдің солтүстік бөлігінде мұнайдың ірі кен орындары болуы мүмкін", - деді министрдің орынбасары.

Мырзағалиев "Еуразия" жобасы Атырауда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинге таныстырылған. "Ол әзірше тұжырымдама түрінде ғана. Жоба халықаралық қоғамдастықтың да, Ресей тарапының да қызығушылығын туғызып отыр. Алдымен мұқият зерттеу жүргізу, 15 мың метр тереңдікке дейін параметриялық ұңғыманы бұрғылау қажет, ол жүргізілген компьютерлік модельдеу нәтижелерінің қаншалықты рас екенін көрсетеді", - деді Мырзағалиев. Ол мұнай қорын зерттеу жөніндегі жобаның бастапқы құны 500 миллион доллар болатынын айтты.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың шикізатқа тәуелділіктен қорықпауы керектігін мәлімдеген еді. Ол Қазақстан мен Ресейде мұнай мен көмірдің едәуір үлкен қоры бар екенін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл ресурстар дәстүрлі энергетиканы одан әрі дамытып, шикізатты шетелге экспорттауға мүмкіндік береді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети