04 желтоқсан 2015 11:16

Қазақстан бағаны реттеуден толықтай бас тартады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанда 2017 жылдың қаңтарынан бастап бағаны реттеу тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты.


Қазақстанда 2017 жылдың қаңтарынан бастап бағаны реттеу тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты.

Оның айтуынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап доминанттар реестрін жоғары реттеу нарықтарына ғана енгізу қарастырылып отыр. 2017 жылдың 1 қаңтарынан батсап реестр мүлдем алынып тасталады.

"2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынады, дегенмен оның орнына монополияға қарсы әдіс келеді - суъектілердің әрекеті баға келісімінде қарастырылуы мүмкін. Бұл қиын жұмыс, дегенмен бүкіл әлем осылай әрекет етіп жатыр. Себебі бағаны реттеу - бизнес үшін тосқауыл. Экономиканың қарыштап дамуы үшін бәсекелестік жоқ", - деді ол Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

"Бүгін реттеудің құрылымы мынадай, табиғи монополияларды реттеуден басқа реттемелі нарық та бар: теміржол тасымалы, азаматтық авиация (ішкі тасымал), газбен жабдықтау, электр энергиясымен жабдықтау және тағы басқа. (...) Жақында біз ішкі әуе тасымалын бақылаудан босаттық, себебі төртінші әуе компаниясы пайда болды. Бірақ әуе компанияларында бағаның қымбаттауы байқалмады", - деді ол.

Ол бағаны реттеу тек үнемі заң бұзушылық болған жағдайда жүргізілетінін айтты. "Бизнес үшін еркін әрекет ету мүмкіндігі, кәсіпкерлік еркіндік және бәсекелестік еркіндігі берілді. Бәсекелестіктен жарысу туындайды. Осыдан кейін баға төмендеуі мүмкін немесе ол кенеттен көтерілмейді. (...) Сондықтан да 2017 жылдан бастап бағаны реттеуден бас тартамыз", - деді ол.

Сонымен қатар, монополияға қарсы органда бәсекелестік саласында заң бұзу материалдарын қарау жөнінде ұжымдық орган институты жұмыс істейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети