17 қазан 2018 10:29

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 59-орында

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтинг тізімінде 59-орын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 


Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтинг тізімінде 59-орын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

2018 жылғы 17 қазанда Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2018 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ЖБИ) бойынша жыл сайынғы есебін жариялады.

2008 жылы басталған әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарын және төртінші индустриялық революцияның (4ИР) дамуын ескере отырып, 2018 жылы ЖБИ әдістемесі айтарлықтай өзгертілді.  

Жаңа 4.0 ЖБИ әдістемесіне сәйкес, негізгі екпін статистикалық индикаторларға жасалады (олардың үлесі 70 пайыз, ал сауалнамалық индикаторлардың үлесі 30 пайыз). Сонымен қатар, барлық факторлардың үлес салмағы бірдей.

ЖБИ есебінің құрылымы мынадай 12 фактордан тұрады: "Институттар", "Инфрақұрылы", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)", "Макроэкономикалық тұрақтылық", "Денсаулық", "Білім және дағдылар", "Тауарлар нарығы", "Еңбек нарығы", "Қаржылық жүйе", "Нарық өлшемі", "Бизнестің қарқындылығы" және "Инновациялық әлеует".

ЖБИ 2018 есебінде бағаланатын елдердің саны 140 елді құрады, олар әлемдегі барлық халықтың 94 пайызын және әлемдік ЖІӨ-нің 98 пайызын қамтиды. ЖБИ 98 көрсеткішпен есептеледі, олардың арасында 54 көрсеткіш халықаралық ұйымдардың деректеріне негізделеді, ал 44 көрсеткіш ЖБИ сауалнамасына негізделді.

Биылғы жылы рейтингте Америка Құрама Штаттары бірінші орын алды, ол соңғы 5 жыл ішінде көшбасшылардың үштігіне енуде. Сингапур, Германия, Швейцария және Жапония рейтинг көшбасшылары болып қалуда.

2018 жылғы рейтингтің нәтижелері бойынша Қазақстан 61,8 орташа баллмен 59-орынды иеленді, яғни 2017 жылғы жайғасымда қалды.

12 бәсекеге қабілеттік факторының арасынан 5 фактор бойынша жақсартулар, 4 фактор бойынша төмендеу орын алды, 3 фактор бойынша жайғасым төмендеген жоқ. 98 индикатордың арасынан 50 индикатор бойынша жақсартулар орын алды, 34 индикатор бойынша нашарлады және 14 индикатор бойынша өзгерістер жоқ.

Қазақстанның бәсекеге қабілеттігінің артықшылықтары: еңбек нарығы - 30-орын (3 жайғасымға жақсарды) және бизнестің қарқындылығы - 37-орын (2 жайғасымға нашарлады).

ДЭФ бағасына сәйкес, Қазақстанның бәсекеге қабілеттігі мынадай факторлар бойынша орташа деңгейде тұр: "АКТ" - 44-орын, "Нарық өлшемі" - 45-орын, "Білім және дағдылар" - 57-орын, "Тауарлар нарығы" - 57-орын, "Институттар" - 61-орын және "Макроэкономикалық тұрақтылық" - 62-орын және "Инфрақұрылым" - 69- орын. 

Қазақстанның әлсіз жайғасымдары ретінде мынадай факторлар анықталды: "Қаржылық жүйе" – 100-орын, "Денсаулық" - 97-орын және "Инновациялық әлеует" - 87-орын.

Рейтингте айтарлықтай жақсартулар 12-жайғасымнан 61-орынға көтерілген "Институттар" факторы бойынша және 10-жайғасымнан 57-орынға көтерілген "Тауарлар нарығы" факторы бойынша байқалады. Сондай-ақ Қазақстан келесі факторлар бойынша оң динамиканы көрсетті: "Инфрақұрылым" (69-орын, 2017 ж. - 72-орын) және "Еңбек нарығы" - (30-орын, 2016 ж. - 33-орын), "Қаржылық жүйе" - (100-орын, 2016 ж. - 102-орын).

2 фактор бойынша төмендегені байқалды, олар: "Білім және дағдылар" (57- орын, -5 жайғасым) және "Денсаулық" (97-орын, -3 жайғасым).

"Инновациялық әлеует" (97-орын), "АКТ" (44-орын) және "Нарық өлшемі" (45-орын) секілді 3 фактор бойынша Қазақстанның жайғасымы өзгерген жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети