02 шілде 2014 12:53

Қазақстан экономикалық өсімнің қарқынына ие бола бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Үкіметтің 2014 жылдың алғашқы жартысында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы есебі ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Назарбаев Орталығынан.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Үкіметтің 2014 жылдың алғашқы жартысында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы есебі ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Назарбаев Орталығынан.

"Басты мақсатымыз - 2050 жылға жол бастаған кезде біз үшін бәріне бастау болған бағдарларымыз өте маңызды. 2014 жылдың алғашқы нәтижелерінің біз үшін маңызы зор. Жартыжылдықтың басты нәтижесі - қарапайым шындықта. Қазақстан экономикалық өсімнің талап етілген қарқынына ие бола бастады. Егер әлемдік экономиканың қалпына келуі баяу екенін ескерсек, бұл өте маңызды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев, ол 2014 жылы республиканың үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының алғашқы бесжылдығы аяқталатынын атап өтті. 

Ол Қазақстанның көптеген оң нәтижеге қол жеткізгенін айтты. Дегенмен Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы ел экономикасы құрылымына жеткіліксіз әсер етті. Президенттің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің қарқыны бәсеңдеп, оның ішкі жалпы өнім құрылымындағы үлес салмағы 2010 жылғы 11%-дан 2013 жылғы 10,9%-ға дейін төмендеді. Сарапшылар ел экспортының шикізаттық емес үлесінің 30-дан 20%-ға дейін азайғанын айтып отыр, бұл - өндіруші өнеркәсіпте айтарлықтай өсім болмағандағы көрсеткіш.

"Сарапшылардың көбі 2014 жыл ғаламдық экономикалық өсім жайлы ұстамды болжам жасауға мүмкіндік беріп отырғанын айтады. Әлемдік экономиканың қалпына келуінің әлсіз белгілері ойланбай жасалған кейбір саяси шешімдердің ізін жояды, мен Украинадағы оқиғалардың салдарын айтып тұрмын, ол экономикалық қарсы тұрулармен, ультиматумдармен, санкциялармен, өндірістік-сауда қатынастарын үзумен байланысты болды. Бұл - нарық пен экономика үшін өте нашар жайт", - деп мәлімдеді Назарбаев, 

Бүгін Президент еліміздегі бірнеше өндіріс орнын онлайн режимде іске қосты. Өңірлермен жүргізілген телекөпір барысында Мемлекет басшысы қолданыстағы бірнеше нысанның жұмысымен танысады. Олардың қатарында Атыраудағы мұнай-газ саласы мамандарын даярлау мен қайта даярлау жөніндегі аймақаралық кәсіби орталық, Алматы индустриялық аймағы, шағын және орта бизнес нысандары, Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай индустриялық паркі бар. Сонымен бірге, Елбасы Ерейментаудағы қуаты 45 МВт болатын өнеркәсіптік жел паркі құрылысының барысымен танысады.

Ресми мәлімет бойынша 2014 жылдың алғашқы жартысында Индустрияландыру картасы шеңберінде барлығы 21 жоба іске қосылып, 2000-ға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. Жылдың екінші жартысында 100 жоба пайдалануға беріліп, 8000 тұрақты жұмыс орны пайда болмақ.

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети