06 наурыз 2014 18:18

Қазақстан қор биржасындағы шетел валютасымен жасалған сауда-саттық көлемі 2,3 есеге өскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

2014 жылдың екі айында Қазақстан қор биржасындағы шетел валютасымен жасалған сауда-саттық көлемі 2,3 есеге өскен деп хабарлайды Tengrinews.kz. 2014 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) биржада шетел валютасымен жасалған сауда-саттық көлемі, валюталық айырбас операцияларын қоса есептегенде 5 284,9 млрд теңгені (баламасы 32 054,6 млн АҚШ долларына тең) құрап, 2013 жылдың қараша-желтоқсан айымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 47,1%-ға (35,8 % долларлық көрсетілімде) өсті. Айта кету керек, 3 қаңтар мен 28 ақпан аралығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 166,78 теңге болып барлық сауда саттық мәмілесі осы сомада жасалды. Сондай-ақ 2014 жылдық қаңтар-ақпан айларында Қазақстан қор биржасындағы (KASE)* халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарымен сауда-саттығының көлемі 1 14,2 млн теңгені (баламасы 726,9 млн АҚШ долларына тең) құрады. Бұған қоса 2014 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE)* корпоративтік облигациялар сауда-саттығының көлемі 42,9 млрд теңгені (баламасы 254,5 млн АҚШ долларына тең) құрады. 2013 жылдың қараша желтоқсан айларымен салыстырғанда корпортивтік облигациялардың сауда саттығы 50 пайызға (54,4 пайыз долларлық көрсетілімде) төмендеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети