Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақстан Қытайдан инвестициялық қызметті айтарлықтай жандандыруды күтеді

19 Қараша 2014, 19:58
0
Фото minplan.gov.kz сайтынан алынды
Фото minplan.gov.kz сайтынан алынды

Қазақстан үкіметі Қытайдан инвестициялық қызметті айтарлықтай жандандыруды күтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қытай әлемдегі ең ірі инвесторлардың бірі, елімізде инвесторларды ынталандырудың жаңа пакеті енгізілгеннен кейін Қытай Қазақстандағы инвестициялық қызметті айтарлықтай жандандырады деп күтеміз", - деді ведомство басшысы Ерболат Досаев Қытай Халық Республикасының коммерция жөніндегі вице-министрі (министрдің көмекшісі) Даочи Тунмен кездесуінде. 

"Қытай Қазақстанның жақын көршісі әрі стратегиялық маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Біздің олармен достық және саяси одақтастық байланысымыз бар", - деді Досаев. 

Қос тарап  ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцяннің алдағы желтоқсан айында Қазақстанға сапары туралы талқылады. 

Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 2014 жылдың қаңтары мен қыркүйек айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 13,3 миллиард долларды құраған. 2005 жылдың бірінші жартыжылдығы мен 2014 жылдары Қазақстанға тікелей Қытайдан келген инвестициялық түсім 11,8 миллиард доллар болған. Инвестиция негізі құрылыс, кен өндіру, мұнай-газ салаларына тартылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай