Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстан мейрамханалары жергілікті өнімді көбірек қолдануға уәде берді

05 Наурыз 2015, 18:28
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Қазақстандағы мейрамханалар өз өндірістеріне Қазақстанда шығатын өнімдерді көбірек қолдануға әзір. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "HoReCa-Қазақстан" мейрамхана-қонақүй бизнесі кәсіпорындары ұлттық қауымдастығының президенті Игорь Копайлов хабарлады.

Оның айтуынша, қазір қазақстандық тауарлардың бағасы төмендігімен ерекшеленіп тұр және сапасы да импортталатын өнімдерден кем емес. Бірақ бұл жердегі әңгіме әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдеріне байланысты. Қауымдастық басшысының айтуынша, Қазақстандағы мейрамханалардың иелерінде отандық өндірушілер туралы мәлімет өте аз. 

"Мысалы, Қостанайда Абердин-ангус тұқымдас ірі қара мал өсіріледі және жақсы ет өндіріледі, олар тіпті Ресейге экспортталады. Бұл шаруашылық туралы мағлұмат өте аз және біздің өндірушілер ол туралы білмейді. Қазақстандағы мейрамханалардың иелері бұл туралы білгеннен кейін қуана-қуана бірге жұмыс істейтін болады. Бұл олар үшін ақша жағынан да, уақыт жағынан да тиімді. Біздің қауымдастық өз алдына отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың арасына байланыс орнатуды міндет етіп қойды. Әрине, ол үшін бізге Ауыл шаруашылығы министрлігі мен кәсіпкерлер палатасының көмегі қажет. (...) Қазақстандағы мейрамханалар мен қонақүйлердің басшылары қазақстандық өндірушілермен жұмыс істеуге дайын. Қазақстандағы мейрамханалар жергілікті азық-түліктен әзірленген тағамдарды ұсынғанын қалаймыз, бірақ ешкімді мәжбүрлей алмаймыз, мәжбүрлемейміз де. Тек ынталандырамыз", - деді Копайлов.

Алматының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Ақжаровтың айтуынша, қазір ұлттық өндірушілерді қолдауға қосымша шаралар қажет. "Мұндай шаралардың бірі - Мемлекет басшысының бастамасы, Made in Kazakhstan деп аталатын жобаны жүзеге асыру. Қазір азық-түліктің барлық санатына қазақстандық тауарлар ұсынылып отыр. Олардың көпшілігінің сапасы импортталатын тауарлардан кем емес және бағасы да төмен. Егер біздің өнімдерге сақтау шарттарын бұзатын қосымша тасымалдау мен күрделі логистикалық шаралардың қажет еместігін ескеретін болсақ, олардың табиғи және құрамдарында консервіленген заттардың аз мөлшерде болатыны белгілі", - дейді Ақжаров.

Еске сала кетейік, Қазақстан мейрамханаларын отандық өнім тұтынуға міндеттеудің жоспарланып отырғанын ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері мәлімдеген болатын. Ол кезде мейрамхана мен кафе иелері келушілерге шет елден келген өнімді ұсынатыны, сонысымен тұтынушылардың еркін таңдау (жұмыс, қызмет) жасауына, оның ішінде отандық өнімді таңдауға шектеу жасап жатқаны айтылған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай