08 тамыз 2014 14:26

Қазақстан "санкциялар соғысына" қатыса ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Ілияс Исаев, экономист-сарапшы:


 Ілияс Исаев, экономист-сарапшы:

– Кеше Ресей Еуропа елдеріне жауап санкциясы ретінде Еуропаның бірқатар импортынан бас тартты. Іле-шала Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Негізінде Ресейдің жауап санкцияларына Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық кеңістіктің басқа мүше елдерін тарту көзделіп отырған жоқ. Дегенмен, бұл жерде біз осы мүмкіндікті қарпып қалсақ, түсімімізді еселей түсер едік. Мысалы, Ресей бұған дейін өзіне қажетті тұтыну заттарын Еуропадан алып келді. Енді Еуропаның тауарынан Ресей бас тартып отыр. Ал бұл арада біз қамтып қалуымыз тиіс үлкен мүмкіндіктер бар. Ол дегеніңіз – егер біздің кәсіпорындар, тауар өндірушілер Ресей нарығын жаулап алуға барын салса бұдан біз үлкен пайда көріп шығар едік. Жалпы, қазірде Ресейге жақын орналасқан аймақтағы отандық кәсіпорындарға ауқымы кең нарық ашылғалы тұр. Осы жайтты сауатты пайдалана алса, біздің кәсіпорындар ұтып шығар еді. Санкциялар «соғысының» бізге осындай пайдасын барын ескеруіміз қажет. Сондықтан Ресейге салынған санкциялардан біз қалайда пайда көруді ғана ойластырғанымыз абзал. Ресейге салынған бұл санкциялар еліміздің ауыл шаруашылығы саласына серпіліс беруі тиіс. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдері ендігі кезекте Ресейдің нарығын жаулап алуы тиіс. Бұрын көрші ел «Еуропадан аламыз» деп Қазақстанның тауарын аса менсіне бермейтін, тіпті қайсыбір ет-сүт өнімдеріне «талапқа сай емес, Кедендік одақтың регламенттеріне келмейді» деген желеу тағып базарына мүлде енгізбейтін. Ал енді олар бізден мұның барлығын сұрай бастайды. Егер ауыл шаруашылығы саласы бұған дайын болса нақ осы санкциялар «соғысы» бізге үлкен пайда әкелер еді.

Марал Төртенова, Қазақстан-Ресей университеті, халықаралық экономика факультетінің магистрі:

– Санкциялар соғысына келер болсақ, Ресей біздің негізгі сауда серіктесіміз. Батыс сарапшылары қазірде Ресей экономикасын нөлдік өсім деп бағалап отыр. Сондай-ақ сарапшылардың бағамдауынша, санкциялар қысқа мерзімде Ресейдің жалпы ішкі өнімнің 5 пайыз төмендеуіне алып келмек. Бұл санкциялардың Ресей экономикасына қайткен күнде де ықпал ететіні сөзсіз және бұл біздің өзара сауда айналымымызға әсер етеді. Ресейге салынған, Ресей оған қарсы жауап қатқан әрбір санкция бізді елеңдетуі тиіс.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети