15 қаңтар 2016 13:26

Қазақстан Үкіметі мүшелері теңге бағамының "түбіне дейін әлі жетпеуіне" қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан министрлер кабинетінің мүшелері теңге бағамының "түбіне дейін әлі жетпеуі" туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан министрлер кабинетінің мүшелері теңге бағамының "түбіне дейін әлі жетпеуі" туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде министрлер 2015 жылғы дамуға қорытынды жасады. Тілшілер Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметовтың теңге бағамының қазіргі жағдайына қатысты айтқан пікірін еске салды.

"Оның теңге бағамының түбіне жетпеуі туралы айтқаны мұнай бағасының өзгеру тенденциясымен байланысты. Еркін ауытқу бағамы саясаты кезінде кәсіпкерлердің мұндай жағдайды күтетіні түсінікті жағдай. Мұнай арзандаған кезде теңге құлдырады, кеше мұнай бағасы аздап көтерілді де, теңге тұрақтана бастады. Сондықтан да келесі аптада немесе келесі айда не болатынын нақты айта алатын бірде-бір экономист жоқ. Біз бұл мәселеге қайта ораламыз", - деді ОКҚ брифингінде ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети