10 ақпан 2016 11:01

Қазақстанда 2015 жылы тауар экспорты 42 пайызға қысқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қазақстанда 2015 жылы төлем балансы классификациясы бойынша тауарлар экспорты 46,2 миллиард доллар болды, бұл 2014 жылға қарағанда 42,4 пайызға төмен (былтыр 80,3 миллиард доллар болған), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда 2015 жылы төлем балансы классификациясы бойынша тауарлар экспорты 46,2 миллиард доллар болды, бұл 2014 жылға қарағанда 42,4 пайызға төмен (былтыр 80,3 миллиард доллар болған), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк мәліметінше, мұнайдың әлемдік бағасы экспорттың қысқаруының негізгі факторы болды. Орташа алғанда, 2015 жылы Вrent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 52,4 доллар (2014 жылы орташа алғанда бір баррель бағасы - 98,9 доллар) болған. Мұнай мен газ конденсаты 2 есе қысқарып, экспорт құны 26,8 миллиард доллар болған. Қалған тауарлар бойынша экспорт 27 пайызға қысқарды.

"Тауарлар импорты 22,9 пайызға қысқара отырып, 33,6 миллиард доллар болды (2014 жылы 43,6 миллиард доллар). Өнімнің барлық түрі бойынша тауарларды әкелу төмендеді", - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

"Таза экспорт көрсеткіші төмендеген кезде ағымдағы шотқа түсетін қысым басқа құрауыштар бойынша теріс баланстардың қысқаруы есебінен төмендейді. Резиденттердің тауарлар экспортынан кірістерінің төмендеуі нәтижесінде бейрезиденттердің Қазақстанға тікелей инвестициялардан таза кірістері 2014 жылғы 19,6 имллиард доллардан 2015 жылы 8,1 миллиард долларға дейін төмендеді. Резиденттердің іскерлік және инвестициялық белсенділігінің төмендеуі халықаралық қызметтер балансы тапшылығының 2014 жылғы 15,6 миллиард доллардан 5,4 миллиард долларға дейін қысқаруына әкеп соқты", - деді ҚР Ұлттық банк өкілдері.

Сонымен қатар, банктің алдын ала бағалауы бойынша, қаржылық шот бойынша капиталдың әкелінуі (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) 2015 жылы 11,1 миллиард долларды құрады (2014 жылы 6,8 миллиард доллар). Бұл ағын негізінен тікелей инвестициялау операцияларымен және мемлекеттік сектордың қаражат тартуымен қамтамасыз етілді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан резиденттерінің тікелей инвестициялары түріндегі сыртқы активтер 2015 жылы 1,7 миллиард долларға, ал қазақстандық кәсіпорындардың үлестес бейрезиденттер алдындағы міндеттемелері 6 миллиард долларға өсті. Соның нәтижесінде тікелей инвестициялардың балансы бойынша капитал ағыны 4,3 миллиард доллар болды.

"Портфельдік инвестициялар балансы бойынша 5,9 миллиард доллар болатын капиталдың таза әкелінуі Ұлттық қордың шетелдік активтерінің қысқаруы және ҚР Қаржы министрлігінің еурооблигацияларын шығару есебінен қалыптасты. Ағымдағы операциялар шотының қалыптасқан тапшылығы төлем балансы қаржылық шотының операциялары, сондай-ақ 2015 жылғы екінші және үшінші тоқсандарда Ұлттық Банктің резервтік активтерін пайдалану есебінен қаржыландырылған болатын. Тұтастай алғанда Ұлттық  Банк резервтік активтерінің төлем балансы операцияларының есебінен бір жылдағы қысқаруы шамамен 0,8 миллиард доллар болды", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети