03 мамыр 2016 13:12

Қазақстанда 2016 жылдың алғашқы төрт айында инфляция 3,6 пайызды құрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Қазақстанда 2016 жылдың қаңтар-сәуір айларында инфляция 3,6 пайызды құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда 2016 жылдың қаңтар-сәуір айларында инфляция 3,6 пайызды құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, биыл төрт айда азық-түлік тауарларының бағасы 3,9 пайызға, азық-түлік емес тауарларының бағасы және ақылы қызметтер 3,5 пайызға өскен.

Нақтырақ айтсақ, 2016 жылдың басынан қара шайдың бағасы 14,6 пайызға, жармалар 13,6 пайызға, қант 10,6 пайызға, нан 8,3 пайызға қымбаттаған. Ал фармацевтикалық өнімдердің бағасы 11,6 пайызға қымбаттағаны айтылып отыр. Бензиннің бағасы 0,4 пайызға төмендеп, дизель отынының бағасы 0,7 пайызға өсті. Сонымен қатар, баға деңгейі денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне 5,4 пайызға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарына 2 пайызға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 8,4 пайызға, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігі билетінің бағасы 6,2 пайызға қымбаттады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети