10 сәуір 2015 10:47

Қазақстанда балық өнімдері қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© businessidei.com © businessidei.com

Қазақстанда балық өнімдері қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазагромаркетинг" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда балық өнімдері қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазагромаркетинг" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 наурыз бен 7 сәуір аралығында еліміздегі негізгі азық-түлік бағаларында едәуір өзгеріс болды. Кей жерлерде балық өнімдерінің бағасы 20 пайызға дейін қымбаттады.

"Шымкентте мөңке 11 пайызға қымбаттап, әр келісінің бағасы 270-тен 300 теңгеге дейін жетті. Баға өсіміне көтерме сауда бағасының көтерілуі мен балық аулауға тыйым салынатын кезеңнің басталуы себеп болды. Сондай-ақ, сазан да 11 пайызға қымбаттады, оның келісі 450-ден 500 теңгеге көтерілді. Ал Өскеменде шортан 20 пайызға қымбаттады, баға 250-ден 300 теңгеге өзгерді. Баға өсіміне өнімді жеткізу көлемінің азаюы мен сатылымда тауардың азаюы себеп болып отыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Шымкентте қиярдың 13 пайызға қымбаттағаны белгілі болды. Бұрын әр келісі 353 теңгеден сатылған көкөніс қазір 400 теңгеден сатылып жатыр. Мамандардың  мәліметінше, баға өсіміне өнімнің Өзбекстаннан әкеліну көлемінің азаюы мен көтерме сауда бағаларының көтерілуі себеп болды. Ал Астанада мандариндер 14 пайызға қымбаттады. Бұрынғы 400 теңгелік баға қазір 457 теңгеге өзгерген. Баға өсіміне сатылымда арзанырақ Пәкістаннан әкелінетін өнімнің азаюы мен көтерме сауда бағасының 25 пайызға көтерілуі себеп болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети