Шілдеде қазақстандықтар ақша айырбастау пункттерінде доллар сатуға қарағанда сатып алу басым болған, айырмасы - 164 миллиард теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Өткен аймен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есе көп, маусымда сатылым-неттосы 79,9 миллиард теңге болған еді.
Шілдеде ҚР территориясының барлық аумағында доллардың сатылым-неттосы көтерілген, маусым айында бұл көрсеткіш Астанада керісінше болған еді.
Ең көп доллар сатылым-неттосы биыл шілде айында Алматыда байқалды - 67,5 миллиард теңге, бұл өткен аймен салыстырғанда 2,1 есе көп.
Түркістан облысында (бұрынғы ОҚО) - 24,9 миллиард теңге, бір айда 90,5 пайызға көтерілген.
Үздік үштікте Астана - 19,5 миллиард теңге.
Төрт ай ішіндегі орта есеппен ақша айырбастау бағамы.
Шілдеде - 344 теңге, ал маусымда - 336 теңге.