29 тамыз 2018 11:24

Қазақстанда долларға сұраныс айтарлықтай артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Шілдеде қазақстандықтар ақша айырбастау пункттерінде доллар сатуға қарағанда сатып алу басым болған, айырмасы - 164 миллиард теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz порталына сілтеме жасап. 

Өткен аймен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есе көп, маусымда сатылым-неттосы 79,9 миллиард теңге болған еді. 

Шілдеде ҚР территориясының барлық аумағында доллардың сатылым-неттосы көтерілген, маусым айында бұл көрсеткіш Астанада керісінше болған еді. 

Ең көп доллар сатылым-неттосы биыл шілде айында Алматыда байқалды - 67,5 миллиард теңге, бұл өткен аймен салыстырғанда 2,1 есе көп.

Түркістан облысында (бұрынғы ОҚО) - 24,9 миллиард теңге, бір айда 90,5 пайызға көтерілген. 

Үздік үштікте Астана - 19,5 миллиард теңге.

Төрт ай ішіндегі орта есеппен ақша айырбастау бағамы.

Шілдеде - 344 теңге, ал маусымда - 336 теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети