17 сәуір 2015 16:59

Қазақстанда жеміс-жидек пен көкөніс қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жеміс-жидек пен көкөніс қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазагромаркетинг" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстанда жеміс-жидек пен көкөніс қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазагромаркетинг" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қазагромаркетинг" АҚ республика бойынша азық-түліктің  7-14 сәуір аралығындағы бағаларына мониторинг жүргізді. Нәтижесінде жеміс-жидек пен көкөністің қымбаттағаны анықталды.

Мониторгинг қорытындысы бойынша, Астанада жүзім 11 пайызға қымбаттады. Бұрын әр келісі 831-ден сатылған жүзім қазір 920 теңгеден сатылып жатыр. Ал Өскеменде пияз 15 пайызға қымбаттап, баға 114-тен 131 теңгеге көтерілді. Пияз сондай-ақ,  Астанада - 13, Алматыда 11 пайызға қымбаттады. Мамандар баға өсімін бұл өнім қорының азаюы мен көкөністі сақтауға кеткен шығынның артуымен байланыстырып отыр.

Ақтөбеде орамжапырақ 55 пайызға қымбаттады, баға 103-тен 160 теңгеге көтерілді, ал Павлодарда 10 пайызға қымбаттаған орамжапырақтың әр келісі бұрынғыдай 100 емес 110 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Қарағандыда сәбіз 13 пайызға қымбаттап, баға 96-дан 108 теңгеге көтерілді. Сондай-ақ, Өскеменде қызылша қымбаттады, бұрынғы 117 теңгелік баға бүгінде 130-ға өзгерді.

Астанада бұрыш 11 пайызға қымбаттап, баға 644-тен 718 теңгеге көтерілді. Ал Ақтөбеде мандариндер 22 пайызға қымбаттады, бұрын әр келісі 314 теңгеден сатылған мандариндер қазір 383 теңгеден сатылып жатыр. Баға өсіміне өнімді жеткізу көлемінің азаюы мен көтерме сауда бағасының артуы себеп болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети